Бизнес өкілдеріне Сауданы реттеу туралы заңға өзгерістерді енгізуді қарастыру ұсынылды
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауданы реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті. Әзірлеуші – ҚР Ұлттық эконмика министрлігі.
Заң жобасы қарастыратын бағыттар:
-шотты онлайн ашқан соң банкке барудың қажеттіліктің болмауы және шотты қашықтықтан ашқан бойда оны қолдану мүмкіндігі;
- сот орындаушылары процедураларының мерзімдерін нақты белгіленуі;
- оғам мүддесіне қайшы келетін мүдделер қақтығысын шешуде акционерлік қоғамдардың директорларының / атқарушы мүшелерінің жауапкершілік мәселелерін реттеу;
- «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ қатысушылары арасында өнімді өткізуде қосымша құн салығынан босату және арнайы экономикалық аймақтардың аумағына тауарларды сату кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставкасын қолдануды таңдау құқығын беру;
- «Виртуалды қойма» модулін енгізуге байланысты түзетулер;
-тіркеп алу функциясы бар және (немесе) деректерді беру (онлайн БКМ) бақылау-кассалық машиналарды қолдануды салық төлеушілерге ынталындыруды ұсыну арқылы 2024 жылдан 2020 жылға ауыстыру;
- халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына бұрын алып тасталған жеңілдікті нормаларды қалпына келтіру;
-ірі салық төлеушілерді мониторингілеу үшін іріктеу критериін жетілдіру;
-ойын бизнесіне салық салу тәртібін белгілеу.
Аталған жобалаға қатысты ұсыныстарыңыз болса, ақпаратты Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментіне жолдауды сұраймыз: n.zhanabekov@atameken.kz, телефон 8 (7172) 919 349.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: