«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ЭКОНОМИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАҒАМ ӨНДІРІСІН СТАНДАРТТАУ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

2018 жылғы 20 Қыркүйек
13126 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП мемлекеттік қатысумен Заңды тұлғаларды құруға қорытындыларды ұсыну регламентіне сәйкес жария талқылау мақсатында Астана қаласы Білім басқармасының «Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі» МКҚК және «Көп салалы колледжі» МКҚК «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру туралы сұраныс жарияланады.

Орналасқан жері - Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын алабы, Көкжиек көшесі, 4 ғимарат.

Қызмет ауқымы: Астана қаласы әкімшілік-аумақтық шекаралар шегінде.

Құрылтайшысы: Астана қаласының әкімдігі.

Төменде Астана қаласы білім басқармасының «Экономика, технология және тамақ өндірісі колледжі» МКҚК және Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы колледжі» МКҚК-ны Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК-на қосу жолымен қайта ұйымдастыру туралы ақпарат ұсынылады.

2 колледжді бір колледжге біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру орта техникалық білім беру саласында білім беру қызметін көрсетуді дамытуды көздейтін ұйымның тиімді басқаруы мен қаржылық дербестігін іске асыруға негізделген.

Қызмет түрлері:

1) білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту;

2) білім алушылардың қабілеттерін анықтау және дамыту;

3) жастардың бос уақытын ұйымдастыру, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу;

4) ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу;

5) олимпиадаларға, конференцияларға және ынтымақтастықтың өзге де нысандарына қатысу;

6) мемлекеттік лицензия негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мамандар даярлау

7) ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте ақылы білім беру қызметтерін көрсету.

Жарғылық капитал қайта ұйымдастырылатын колледждердің балансындағы мүліктен қалыптастырылады

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер