«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-кеңесшіні» оқып, ауылдан оқу орталығын ашты

2018 жылғы 12 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
5766 просмотров

Баршаға белгілі, бүгінде ата-ана балаларының біліміне барынша көңіл бөліп, жан-жақты болуына жағдай жасауда. Осы орайда оңтайлы кәсіп түрі оқу орталықтарын ашу болып тұр. Әрине, орталық барлық талаптарға сай, балалардың интеллектуалдық ой-өрісін дамытуға қабілетті болуы шарт. Бүгін біз «Бизнес-кеңесші» курсына қатысып, Қызылжарма ауылынан «Smart study» оқу орталығын ашып, өз кәсібін бастаған кәсіпкердің жұмысы жайлы айтпақпыз.

Маусым айында Қызылжарма ауылында жеке меншік оқу орталығы ашылды. Өз кәсібін ашпас бұрын Қуаныш Дәуренбеков Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Бизнес-кеңесші» оқуына қатысып, бизнес негіздерін оқыту практикалық курсына қатысты. Оқу орталығына білікті ұстаздарды біріктірген кәсіпкер аз ғана уақыттың ішінде өз кәсібін дөңгелетіп үлгерді.

Өзінің туып-өскен жеріне пайдасын тигізуді ойлаған кәсіп иесі, жобаны «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында жүзеге асырып отырмын», - дейді.

«Оқу орталықты ашу үшін, әрине, қаражат керек. Ал ол қаражатты мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар бар. Сол қолдаудың бірі – «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы инновациялық жобаларға арналған байқау. Сол байқауға қатысып, 500 мың теңге қайтарымсыз қаржыны ұтып, осы орталықты ашып отырмын. Қазір орталықта тұрақты түрде 1 менеджер жұмыс жасайды. Сондай-ақ 4 мұғалім сабақ беріп, 1 логопед қызмет көрсетеді», - дейді кәсіпкер Қуаныш Дәуренбеков.

«Бизнес-кеңесші» курсында кәсіпті бастаудың қыр-сырын үйреніп, жеке кәсібін бастауға деген қабілеттілігін арттырған маман инновациялық жобаларға арналған байқаудан ұтқан қаржыға орталыққа қажетті заттар сатып алады. Оқу орталығында бастауыш және жоғары сынып оқушыларына математика, ағылшын тілінен тереңдетілген математика, ағылшын тілі, ментальді арифметика сабақтары өткізіледі.

Одан бөлек жергілікті тұрғындардың сұранысы бойынша логопед кабинеті жұмыс жасайды. Онда арнайы Ақтөбе қаласынан бітіріп келген маман балаларға қажетті емін жасап, дұрыс сөйлеуді үйретеді. Ашылған екі ай ішінде жас маман үш баланың сөйлеу қабілетін қалпына келтіріп үлгерген.

«Қазіргі таңда логопед маманына сұраныс жоғары. Көбіне мектеп жасына дейінгі балалар келеді. Балалардың диагнозы әр түрлі. Көбіне дыбыс қоюға және тіл мүкістігіне байланысты. Келген балаларға жан-жақты көмегімді беріп жатырмын», - дейді логопед маман Гүлназ Ерланқызы.

Орталықта бүгінде 50 оқушы білімдерін шыңдауда. Аптаның 6 күнінде де сабақ өткізіледі. Оқу ақысы да қалтаға қонымды. Болашақта кәсіпкер IT паркте резидент болып, виртуалды оқыту жүйесін енгізуге және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бизнес-инкубатор оқу орталығымен бірігіп, мобильді жұмыс жүйесін іске қосуға жұмыс жасауда. Қазан айында жұмысы басталғалы тұрған жоба, әсіресе мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жоба болмақ.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер