«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанайда мал шаруашылығын субсидиялауға электронды өтінімдер қабылдау басталды

2018 жылғы 17 Қыркүйек
- Қостанай облысы
5754 просмотров

Қостанай облысында Мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелері бойынша электронды өтінім беру науқаны басталды.

Қазіргі таңда Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасына тауар өндірушілерден 18 жазбаша хабарлама келіп түсті, оның ішінде 8-і критерийлерге сәйкес келу бойынша Комиссиядан оң қорытынды алды, қалғандары қаралу үстінде.  Бұл республика бойынша алғашқы көрсеткіштер.

 «ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылдың 15 маусымдағы бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды малды дамытуды субсидиялау, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру ережесінің 23, 24 тармақтарына сәйкес, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы субсидия алуға ниетті тауар өндірушінің критерийлері мен талаптарын қанағаттандыру үшін арнайы комиссия құрды. Субсидия алуда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Комиссия құс фабрикалары мен  сыйымдылығы 1000 бастан кем емес бордақылау алаңдарын, сүтті-тауарлы фермаларды және ауыл шаруашылығы кооперативтері мен қой союды жүзеге асыратын ет комбинаттарын тексереді», – деді Қостайнай кәсіпкерлер палатасы АӨК бөлімінің бастығы Қайыр Айсин.

 Комиссия құрамына Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының  ауыл шаруашылық бөлімдерінің мамандары, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП-да аккредиттелген қоғамдық, салалық одақтар мен қауымдастықтар өкілдері кіреді.

 Комиссия мүшелері кәсіпорындарға барып, онда өтінімде көрсетілген инфрақұрылымды тексереді, одан кейін мамандар қорытынды береді. Қорытынды көшірмесін ӨКП директоры Ақпараттық-сараптамалық жүйеге орналастырады. Келесі кезең – Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы өтінімді мақұлдайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер