Заң жобаларының бірқатар тұжырымдамалары кәсіпкерлер назарына ұсынылды
2018 жылғы 7 қыркүйекте заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 459 отырысы өткен болатын.
Комиссия ҚР Парламентінің депутаттары ұсынған екі заң жобасын, Үкімет қорытындыларының жобаларын және заң жобаларының 7 тұжырымдамасын қарады.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып МАҚҰЛДАНДЫ:
1. «Аграрлық қолхаттар туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасы (Парламент депутаттары ұсынған);
2. ««Астнана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы;
3. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі Заң жобасының тұжырымдамасы;
4. Соғыс жағдайы мәселелері жөніндегі Заң жобасының тұжырымдамасы;
5. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі Заң жобасының тұжырымдамасы;
6. Асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасы.
Төменде көрсетілген жобалар күн тәртібінде қараудан алынып тасталды:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасы (Парламент депутаттары ұсынған);
2. Лотереялар және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі Заң жобасының тұжырымдамасы;
3. Еңбек мәселелері бойынша Заң жобасының тұжырымдамасы.
Күн тәртібі бойынша материалдармен, сондай-ақ қаралатын мәселелер бойынша қысқаша ақпаратпен және Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұстанымымен қосымшаларда танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: