«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекенде» көтерме-тарату орталықтарын құру мәселесі талқыланды

2018 жылғы 12 Қыркүйек
4740 просмотров

 «Атамекен» Ұлтттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дінмұхамед Әбсаттаровтың жетекшілігімен Азиялық Даму Банкінің Миссиясы өкілдері, «АЛЬФАРУХ» ЖШС (Қарағанды қ.) жобасының әлеуетті инвесторлары және «Алай Базары» ТЛК-мен (Астана қ.) Қазақстанда көтерме-тарату орталықтарын құру жобаларын талқылау бойынша кездесу өтті.

Жобаны талқылау кезінде Дінмұхамед Әбсаттаров көтерме-тарату орталықтарынан күтілетін негізгі нәтижені айтты: өнім қауіпсіздігі баға белгілеудің ашықтығы, халыққа қолжетімділігі,  ауыл шаруашылығы өндірушілер үшін өнімнің кепілді сатылымы.

 Дінмұхамед Әбсаттаров «Атамекен» нормативті-құқықтық актілерді әзірлеуде тәжірибесі мол екенін атап өтті, сонымен қатар кездесу барысында бизнеске және  Азиялық Даму Банкіне жұмысты қалай бағыттау керектігі талқыланды. Атап айтқанда, жиын қатысушылары транзитті әлеуетті дамыту қажеттілігі мен көтерме-тарату орталықтарын құру бойынша әлемнің үздік тәжірибелерін қолдану арқылы елдің георгарфиялық жағдайын пайдалану қажеттілігін көтерді.  

Жиын жетекшісі «Атамекен» жұмысының жобалық бағытына баса назар аударды. Ұлттық палата көтерме-тарату орталықтарын Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында құру бойынша  4 жобаны сүйемелдеуге алды. Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азиялық Даму Банкі және Астана қаласы әкімдігімен көтерме-тарату орталықтарының пилоттық жобасын жүзеге асыруда ынтымақтастық орнату бойынша меморандум құру келіссөздері жүріп жатыр.

 Аталған кездесудің негізгі міндеті – Ұлттык кәсіпкерлер палатасы, Азиялық Даму Банкі және бизнес өкілдері көтерме-тарату орталықтарын құруда негізгі тұжырымдамалық тәсілдер бойынша көзқарастары бір ойдан шықты. Атап айтқанда, бұл әртүрлі учаскелердегі сауданың көтерме және бөлшек сауда сегменттерін заңнамалық түрде бөлу қажеттілігі. Демек, азық-түлік тауарларды көтерме бағада өткізу тек көтерме-тарату орталықтарындаға жүзеге асу керек.

Тағы бір маңызды жайт: кездесудің барлық қатысушылары «нарықтар» (базар) түсінігін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру мақсатында ұлттық заңнаманы біріздендіру қажеттілігін бір ауыздан қолдап отыр.

 

 Келіссөздер барысында көтерме-тарату орталықтарын салуды қаржыландыру мәселесі де көтерілді. Бұл сұраққа жауап берген бизнес екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеуді қалайтынын білдірді. Осы ретте бұл жоба үлкен қаражатты талап ететіні белгілі, сондықтан көтерме-тарату орталықтарының коммерциялық құрауышы өнімнің қолжетімділігіне тікелей әсер ететін болады, инвесторлар инвестициялық шығындарды мемлекеттік бюджеттен бөлу керек деп санайды.

Кездесуге келген бірнеше компания өз тәжірибелерімен бөлісті. Қарағанды қаласындағы көтерме-тарату орталықтарының директоры Гүлнар Аманбаева көтерме-тарату орталықтарын салуға жобаның жалпы құнының 20%-ы құйылғанын хабарлады. Қарағандыдағы көтерме-тарату орталықтары қаланың жаңа орталығында орналасқан, Қарағанды  әкімдігі және Мемлекеттік кірістер департаментімен кедендік тазалау ғимаратын салу туралы меморнадум жасалған. Ал Беслан Оздоев (ТЛК «Алай Базары» Астана қ.) өз кезегінде көтерме-тарату орталықтарының құрылысын биыл қазан айында бастауға дайын екенін жеткізді.

 Кездесуді қорытындылай келе қатысушылар одан әрі ынтымақтастық құру туралы келісті және бір ай ішінде екінші кездесу өткізуге шешім қабылдады, онда қатысушылар атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелерімен бөлісетін болады, атап айтқанда Азиялық Даму Банкі көтерме-тарату орталықтары бойынша мастер-жоспарды аяқтап, «Атамекен» ҚР ҰКП қарауына жіберуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер