«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылысшылар мен тауар өндірушілер қауымдастықтары құрылмақ

2018 жылғы 11 Қыркүйек
- Павлодар облысы
7488 просмотров

Құрылып жатқан қауымдастықтардың басты міндеті – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау

Павлодарлық құрылысшылар мен тауар өндірушілер облыстық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы алаңында кездесті. Облысы әкімі жетекшілік етумен тараптар мемлекеттік сатып алуларды жеңіп алған бас мердігерлерге құрылыс материалдары мен жабдықтарын жеткізуге әрдайым қатыса алмайтын отандық өндірушілерді қолдау туралы мәселені көтерді.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Ербол Арынов «Атамекенде» сатып алулар саласындағы түйткілді мәселелер бойынша кәсіпкерлер мен жұмыс жүргізіліп, тұрақты түрде мониториг жасалатыны туралы айтты.

 «Ең жиі кездесетін мәселелердің бірі – мердігер компаниялар жобаларды қайта мақұлдауында болып отыр. Биылғы жылдың басында Палата алаңында өңірде мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып жатқан құрылыс нысандары таныстырылды. Жұмысты реттеп, бизнеске қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік сектор, квазимемлекеттік сектор, табиғи монополиялар субъектілері, жүйе құрушы кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті қамтуды бақылау комиссиясын құру орынды»,– деді Ербол Арынов.

Құрылысшылар және құрылыс материалдары мен жабдықты жеткізушілердің жұмысында келіспеушіліктер бар. Мәселен, құрылыс компанияларды басшылары жеткізушілердің қажетті материалды уақатында әкелмей, өнімге деген бағаны тым қатты көтереді деп шағымдануда. Сондықтан, құрылысшылар керек жарақты қолжетімді бағамен шетелден алғанды жөн көреді.

Бұған қоса,  кәсіпкерлер қосалқы заттар мен бұйымдарды елімізде өндірілмейтін бірқатар  Қытай мен Ресейден сатып алуға мәжбүр. Мәселен, «Вершина» ЖШС Әлибек Қуанышев фирма жыл сайын Қытайдан араластыратын қалақтар, экструдерге арналған конустар, жем тарту үшін биобалға сатып алуға шамамен 100 млн теңге жұмсайтынын айтты.

  «Мұндай өнімді Қазақстанда таба алмаймыз, сондықтан ақша тысқары кетеді. Олардың өңірде қалуы мүмкін еді», – деді кәсіпкер.

Мердігерлер мен жеткізушілер арасындағы келіспеушілікті  шешу мақсатында Павлодар облысының әкімі Болат Бакуов Құрылысшылар мен тауар өндірушілер қауымдастығын құруды ұсынды. Өңір басшысының айтуынша бірігу таратпарға тиміді диалог құруға көмектеседі. Комиссия мүшелері тоқсан сайын жиын өткізетін болады, алайда төтенше жағдайлар шықса жоспардан тыс та жиналыс өткізіледі.

 

  «Отандық тауар өндірушілер өнімін өткізу бойынша жұмысты жүйелі негізге қою қажет. Енді сатып алуалар бойынша Комиссия отырысы жиы өтетін болады. Бұл шара бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысуын арттырады деген сенімдемін», – деді Ербол Арынов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер