«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Зүлфия ұсынған кейтеринг қызметі

2018 жылғы 11 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
5330 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының  24 жастағы тұрғыны Зүлфия Зиминова кәсіпкерлік қызметін былтыр «Бастау» курсын оқып, бастаған.

Бойжеткен азық-түлік заттарын өндіру мен табиғат аясы болсын, қала сыртындағы үй болсын, демалыс аймағы, кәсіпорын ішіне болсын кез келген жерде банкет, фуршет ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа қызмет көрсету түрі – кейтерингпен айналыса бастайды.

 «Курчатов қаламыз шағын ғана. Негізінен мұнда ғалымдар өмір сүреді. Адамдар түнге дейін жұмыс істейді, сондықтан ас әзірлеуге уақыттары болмайды. Осы жайтты байқаған қызым тамақты үйге дайындауды идеясын ұсынды. Яғни адамдар дайын асты үйлерін алып кетеді. Қалада дүкендер ерте жабылып, кафелердің жоқтығын ескерсек, бұл таптырмас бастама болды», – деді жас кәсіпкер қыздың анасы Шолпан.

Отбасы Шымкенттен Курчатов қаласына 10 жыл бұрын көшіп келген. Сондықтан самса мен палау, сынды шығыс дәмділерін отбасы мүшелері жақсы біледі, бастысы әзірлей алады. Ал тандыр нан ше? Дәл осы тіл үйірер күлшелер басты назарға алынған. «Бастау» жобасы бойынша Зүлфия бизнес жобасын сәтті қорғап, 1 млн 230  мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алады. Осы қаражатқа бастауыш кәсіпкер  салтантты дастарханға арналған ыдыс аяқ сатып алады, сонымен қатар тандыр пешін, кондитерлік пешті, кәуапқа арналған мангалды сатып лады. Өндірісіке арналған жалпы ауданы 64 шаршы метр орынжайды жалға алып, онда ыдыс жуатын жер, суға арналған бойлер, пеш орналастырады.

Бастапқыда кәсіби аспаздар табылмады. Кейін Жұмыспен қамту орталығы арқылы екі жұмыссыз әйел табылып, жұмысқа алынды. Қазір олар жұмыспен қатар  кешкі уақытта аспаз шеберлігін оқып жатыр. Бүгінде 1 күннің ішінде кем дегенде 350 дана нан-тоқаш өнімі сатылып жатыр.

 «Күнделікті жұмысты сағат таңғы төрттен бастаймыз. Тұрақты клиенттеріміз бар. Таңертеннен шай, тоқаштар, ыстық нан, самса, пирожки дайындап қоямыз», – деді Зүлфия Зиминова.

Ал үлкен тапсырыстарға келер болсақ, бірнші үлкен фуршетті жас кәсіпкер жергілікті әкімдік тапсырысы бойынша орындаған. Негізінен Зұлфияның айтуынша, жергілікті тұрғындар жалға мангал, ыдыс аяқты алады екен.  

 Іскер Зүлфия енді пиццерия іспеттес орын ашқысы келеді. Жастардың айтуынша Курчатовта демалатын орын жоқ. Әзірге бұл арман ғана. Осындай кафе ашу үшін шамамен 15 млн теңге қаражат керек екен.

 Айта кетелік, Курчатов ауданы бойынша ӨКП филиалында Зульфия белсенді қыз екенін айтады. Кәсіппен бірге Зұлфия Ресейдің Томск қаласында университеттің соңғы курсын сырттай тәмамдап жатыр. Зүлфия – болашақ геолог. Ол баскетбол секциясына қатысады әрі кәсібін жүрігізіп отыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер