«Атамекен» ҚР ҰКП құрылғанына – 5 жыл!
Құрметті әріптестер, кәсіпкерлер!
Сіздерді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 5 жыл толуымен құттықтаймын!
Осыдан 5 жыл бұрын бүкіл отандық бизнес тиімді жұмыс істеу және елдегі іскерлік ахуалды жақсарту мақсатында Үкімет және мемлекеттік органдырамен тығыз байналыс орнату үшін жұмылды.
Осы жылдар аралығында көп жұмыс атқарылды. Бизнес дамуын шектейтін әкімшілік кедергілерді жоюға, тиімсіз рұқсаттарды қысқартуға, қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгіліндіруге мүмкіндік берген заңдар мен заңның қосалқы актілері қабылданды. Қолға алынған шаралар бизнес-қоғамдастығының өсуі, дамуы және жаңа жұмыс орындарын ашып, нарықтарды бағындыруға көмектесуде.
Мыңдаған бизнесмен «Атамекен» сенімді серіктес қана емес, сондай-ақ, заңды құқықтар мен мүдделерді қорғаушысы мекенін сезіне білді. Еліміздің көп азаматына «Атамекен» жеке кәсіп ашуда алғашқы қадам жасауға көмектесті, бүгінде олар алған қолдау мен білім арқылы ертеңгі күнге сенімді қарап, өздерін және отбасыларын қамтамасыз етіп отыр.
Бүгінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алдында жаңа міндеттер тұр. Бірлігіміз арқасында кәсіпкерлік қызметте және ортақ мүдделерімзді қорғауда жаңа белестерге жететінімізге сенімдімін.
Әр бастамаларыңызға сәттілік, қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен, «Атамекен» ҚР ҰКП
Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев
Пікір қалдыру:
Пікірлер: