«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әйелдер кәсіпкерлігін несиелеуде 8 жоба мақұлданды

2018 жылғы 05 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
9752 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Халық банкі» АҚ филиалының Несиелеу комитеті өңірдің 8 бизнес ханымына шағын несие беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы кеше Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы дирекциясы мен Солтүстік Қазақстан облысы ӨКП Іскер әйелдер кеңесі төрайымының «Қазақстан Халық Банкі» АҚ СҚОФ басшылығымен кездесу барысында мәлім болды. Жиын барысында кәсіпкер әйелдерге шағын несие бөлу жайы талқыланды.

 Биыл «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі бастамасымен «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» құрылған болатын. Қор қызметі бизнес-жобаларды қаржыландыру мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл мақсатқа өңірлерге бөлмей республика бойынша 1 млрд теңге бөлінген. Шағын несиелер «Қазақстан Халық банкі» филиалдары арқылы берілуде.

 Айта кетелік, қаржыландырудың талаптары ішіндегі негізгілері – әйелдер бизнесін дамыту, кеплізат пен салалық бөлусіз «Даму» қоры кепілінің болуы қараларды.  10 млн теңге көлемінде жылдық сыйақысы 8,5%, 84 айға дейін мерзімге берілетін шағын несиені жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері ала алады. Осы ретте несиелеудің нысаналық мақсаты – негізгі құралдарды алу мен нысандарды салу, айналым қаражатын толықтыру немесе басқа банкетн бизнес дамытуға алынған несиені қайта қаржыландыру болуы шарт.

 Несие бағдарламасына қатысу мақсатында кәсіпкер әйелдер СҚО Кәсіпкерлер палатасы немесе оның аудандағы филиалдарына өтінім жасайды.

 Жоғарыда айтылғандай, бүгінгі күні палатаға шағын несиелеуді алу бойынша жалпы сомасы 200 млн теңге болатын 25 өтінім түскен. Өтінім жасаған әйелдердің жалпы санынан 70%-ы ауылдық жерде бизнесті дөңгелетіп отыр. Барлық өтінімдер «Қазақстан Халық банкі» АҚ филиалына жіберілді.

 «Бүгін біз осы кездесуді әйелдер кәсіпкерлігін несиелеудің аралық қорытындысын жасау үшін ұйымдастырып отырмыз. СҚО ӨКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесі шағын несиелеуге келіп түкен өтінімдерге қатаң іріктеу жүргізіп барып сіздерге қаралымға жіберді. Барлығы 25 әйел өтінім жасады. Осы өтінімдерді қарау қандай деңгейде тұрғаны жайында ақпарат алғымыз келеді», – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев банк өкілдеріне сауал тастап.

 Банк өкілдері бүгенде  жалпы сомасы 65, 5 млн теңгені құрайтын 8 кәсіпкер ханымның өтінімі мақұлданғаны жайында мәлімдеді.

 «Қазіргі таңда 8 өтінім мақұлданды. Комитеттің шешімі де бар. Келісім жасалған соң іскер әйелдер бизнес жүргізуге 65,5 млн теңге қаражат алады. Қыркүйектің алғашқы он күнінде бірінші қаржыландыру легі жүзеге асады деп күтілуде», – деді «Қазақстан Халық банкі» АҚ СҚОФ Орта бизнестің сату орталығының бастығы Светлана Кравчук.

Ал өтінімдерді қарау жұмысы жалғасуда. Банк қызметкерлерінің айтуынша, олар кәсіпкерлермен бірге кепілзат мүлігін көру үшін нысандарды бағалауға шығып жүр, құжаттар тексеріледі.

Кездесу соңында СҚО ӨКП және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ филиалы қызметкерлері арасында кепілзат мүлігін бағалауға бірлесіп бару және несиелеу бағдарламасын толығырақ түсіндіру бойынша келісім жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер