Қаржыландыруды тарту және білім берудегі франшиза мәселесі талқыланды
Консалтинг пен бағалау саласында табысты бизнесмен Мақсат Ақатаев кәсіпкерге қаржыландыру көзін қайдан және қалай алу керек жайында айтып берді, ал Израильден арнайы келген, ағылшын тілін оқытудың бірегей әдістемесінің авторы Паулина Гейбл-Кравц кездесу қатысушыларына қазақстандық баланы 10 күн ішінде ағылшынша сөйлетуге болатынын дәлелдеді.
Консалтинг, қаржы, жобаларды басқару мен бизнесті бағалау саласында сарапшы Мақсат Ақатаев кездесу қатысушыларына «Қаржыландыруды тарту» тақырыбында семинар өткізді.
Спикердің айтуынша, жеке бизнес ашқан 30 жасқа дейінгі жастардың 97%-ы сәтсіздікке ұшырайды. Ал қалған 3%-ды құрап отырған адамдар жақсы мағынада ашкөздік қасиетіне ие. Спикер кәсіпкерлерді ашық әрі заң жүзінде жұмыс істеуге үндеді.
«Қаржыландыруға тартымды жобаны құрудың сыры неде екенін білгілеріңіз келе ме? Ресми, ашық түрде жұмыс істеңіздер, сонда кез келген қаржы институты сіз басқарған кәсіпорынның қызмет ету серпінін қадағалап, жұмыс істеуге шешім қабылдайтын болады», – деп атап өтті сарапшы.
Спикер инвесторлар, банктер мен басқа да қаржы ұйымдары қаржыландыру кезінде жобаның қандай сегменттерге назар аударады, жобаға қайдан қаржы көздерін тартуға болатыны жайында ақпарат берді.
Іс-шараның екінші бөлімі «Қазақстанда EFU франшизасымен әріптестікте жергілікті ұстаз күшімен баланы 1 жылда ағылшынша сөйлету» атты семинарға арналды. Семинарды израильдік Паулина Гейбл-Кравц өткізді. Маман ағылшын тілін Ресей мен Израильде 47 жыл қатарынан оқытып келеді, енді ол Қазақстанда да оқытуды қолға алмақ. Паулина Гейбл-Кравц бұған қоса Ресейде жеке мектептің негізін қалаушы, ағылшын тілін оқытудың бірегей әдістемесі, кітаптар мен оқыту ойындарының авторы.
Маман балаларға – болашақ бизнесмендерге арнап ағылшын тілін жедел менгеруге жол ашатын жаңа израильдік әдістемені әзірлеген. Жиын барысында осы әдістемемен 10 ай оқыған оқушының ағылшынша еркін сөйлеп, ойын еркін білдіруі осыған дәлел болды.
«Мен екі жыл қатарынан Қазақстанда ағылшын тілі класындағы ахуалды түзеуге білек сыбана кіріскен израильдікпін. «ағылшын тілі класы» деп мен ағылшын тілін оқыту жағдайын меңзеп отырмын. Менің білімім, көп жылдық тәжірибем жергілікті ұстаздарды елдегі үш тұғырлы тілді іскеасыруда жетістікке жетуге септігіні тигізеді деген ойдамын», – Паулина Гейбл-Кравц.
Кездесуге аталған франшизаны әлеуетті сатып алушылар – Қазақстанның түрлі қалаларында жұмыс істейтін бизнесмендер шақырылды. Қонақтарға жаңа әдістеме ұнады.
«FRANCH DAY» аясында, кездесулерді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы «Kaz Franch» Қазақстан франчайзинг қауымдастығымен бірлесіп, тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Мұндай іс-шаралар аясында кәсіпкерлер франчайзингтегі жаңа бағыттар мен жобалар жайында, заманауи бизнесті жүргізудің негізгі стандарттары, іскер серіктестермен, сондай-ақ бизнестің әртүрлі салаларындағы әлеуетті және қазіргі клиенттерімен келіссөздер, мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы және тағы басқа да ақпарат ала алады. «FRANCH DAY» іс-шарасына қатысу – тегін.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: