Қазақстан-Қытай іскерлік форумы Астанада өтеді
Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы 7 қыркүйекте «БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» идеясының құрылғанына бес жыл толуына арналған іс-шаралар аясында, Астанадағы «Rixos President» қонақ үйінде екі елдің ресми тұлғаларының қатысуымен Қазақстан-Қытай іскерлік форумы өтетінін хабарлайды.
Форумға ұлттық компаниялар өкілдері, экономиканың әртүрлі салаларындағы қазақстандық және қытайлық ірі бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.
Іс-шара бағдарламасында: Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Бірінші орынбасары A.У.Мамин, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі, Ж.М.Қасымбек және ҚХР Сауда вице-министрі Жэнь ХунБиннің қатысуымен өтетін пленарлық отырыс бар.
Қытайдың іскер топтарының қызығушылығын ескере отырып, бұл іс-шара ҚР экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту, тәжірибе алмасу және екі елдің кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ экономиканың әртүрлі секторларында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамытуға араналған алаң болатынына сенімдіміз.
Бизнес-форумға қатысу үшін Омарова Каринаға, + 7 7172 279054 (ішкі 222), omarova.icc@gmail.com және Әсел Байболоваға, +7 7172 279056 (ішкі 207), a.baibolova@palata.kz хабарласуларыңызды сұраймыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: