«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада кәсіпкер әйелдердің имиджіне қатысты шеберлік сабақтар өтті

2018 жылғы 03 Қыркүйек
- Астана қаласы
5883 просмотров

29 тамыз күні Қазақ мемлекеттік гуманитарлық заң университетінде кәсіпкер әйелдің имиджін құру технологиясы бойынша шеберлік сабақтар өтті.

Шеберлік сабақтардың спикерлері: баспагер, кәсіпкер, «MAMАМ-PAPAM.KZ», HAPPY.ME»  интернет жобаларының бас редакторы  – Айгүл Әубәкірова, «MM GROUP» компаниясының жетекшісі, сонымен қатар «В2В» бизнес қауымдастығының басшысы Мөлдір Меңсұлу болды.

Айгүл Әубәкірова тәжірибесімен бөлісіп, дұрыс имиджді құру, қызметте әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану туралы айтты.

 

 Бүгінгі кездесуде мен маңызды нәрсені байқадым: біздің әйелдер өмірлерінің сапасын арттырып, өскісі келеді, жаңа нәрселерге талпынып, жаңаша дамығысы келеді. Бүгін көп нәрсені талқыладық. Өз тәжірибеме сүйене отырып, мынаны айтқым келеді:біз әйелболып, нәсік, әдемі болып жаратылдық. Демек, бизнесіміз де қыздың жиған жүгіндей, әдімі құрылуы керек. Мейлі, бизнесін ірі болып, ұшақ, кемелерді сатсаң да әйел болып қалуың маңызды. Бүгін өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы мен энергия мен күшке кеңелдім. Мұндай кездесулер бастауыш кәсіпкерлер мен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге де пайдалы. Мына алаң – бұл жаңа танысу, тәжірибе алмасу мен жаңа мүмкіндіктер. Мен мұндай форматтағы кезедсулерге қуана қатысатын боламын»,– деді спикер.  

 Жас та болса іскер Мөлдір Меңсұлу өзінің шеберлік сабағында «Self made» деген ұғымға түсінік беріп, оны қалай қолдану керек, бизнесті құрып табысқа жетудің жолдарын айтты.

 «Кәсіпкер әйелдердің имиджін құру бойынша шеберлік сабақтардың алғашқы спикерлері арасында болғаныма қуаныштымын. Бүгін Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнес-мектебінің түлектері алдында сөйлеп тұрғаным қуантады. Біздер – іскер әйелдердің саны күннен күнге артып келеді, юұл өте жақсы үдеріс. Табысқа өз күшіңмен жету, өз-өзіңді қалыптастыру – бүтін бір философия. Бизнес өміріңнің салты, стилі болуы шарт. Әр қыз-келіншек жинақы, өзіне сенімді, мақсаты мен міндетін нақты білгенін қалаймын», – деді спикер.

 Шеберлік сабақтар соңында Астана қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Арман Ақбердиев осындай форматтағы іс-шаралар Қазақ мемлекеттік гуманитарлық заң университеті базасында тұрақты өтетіні жайында айтты. Спикерлер өз салаларының мамандары болып табылады.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер