«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК иелену формасын қайта құру туралы сұратым

2018 жылғы 25 Тамыз
9839 просмотров

Мемлекеттік қатысумен заңды тұлғаларды құру бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылау мақсатында «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК иелену формасын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қайта құру туралы сұратым жарияланды.

 Орналасу орны – ҚР, Астана қаласы, Кравцова көшесі, 18

 Қызмет ету ауқымы: Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық шекарасы шеңберінде.

Бірыңғай құрылтайшы:   Қазақстан Республикасының Үкіметі.

  Төменде еңбек қауіпсіздігінің ұлттық мәдениетін дамытуға жәрдемдесу, өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша тиімді шараларды табу, еңбек жағдайлары, кәсіби аурулар, ғылыми зерттеулер мен инновациялық әзірлемелер негізінде тәуекелдерді төмендету мақсатында «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК иелену формасын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қайта құру туралы ақпарат берілген. 

 «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚ филиалдар желісі ғылыми-зерттеу жұмыста Қазақстан Республикасының барлық өңірлерін қамтиды.

 Қызмет көрсету түрлері:

1) қорғау, нормалау, гигиена, физиология, эргономика және еңбек экономикасы мәселелері бойынша қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;

2) еңбекті қорғау мен қалыптандыру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік қызметті қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі салаларында қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбекті қорғау жүйесінің жағдайын бағалау мен талдауды жүргізуге қатысу;

4) қауіпті жағдайлардың пайда болуына, кәсіптік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың себептеріне талдау жасауға және оларды қысқарту және алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

5) еңбекті қорғау мен қалыптандыру бойынша салалық нормативтерді әзірлеуге қатысу;

6) еңбек заңнамасы, қауіпсіздік, еңбекті қорғау мен қалыптандыру саласында мамандарды даярлау және оқыту және олардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу;

7) еңбекті қорғау мен жағдайды жақсарту бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибені насихаттау;

8) еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және стандарттау мәселелері бойынша халықаралық мәселелерді қоса алғанда, еңбек мәселелері бойынша симпозиумдар, конференциялар, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру;

9) еңбекті қорғау құралдарын, өндіріс ортасын және жеке қорғану құралдарын бақылау құралдарын көрмеде көрсетуді ұйымдастыру;

10) еңбек жағдайлары үшін өндірістік объектілерді бағалауға қатысу, сондай-ақ оның нәтижелерін талдау және сараптау;

11) еңбекті қорғау және қалыптандыру бойынша материалдары сараптау мен талдауды жүргізу;

12) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек қауіпсіздігіне байланысты шығындардың тиімділігін бағалау жүйесін енгізу;

13) өндірістік тәуекелдерді бағалаудың автоматтандырылыған ақпараттық жүйесін әзірлеу мен енгізу;

14) еңбекті қорғау, қалыптандыру жән еқауіпсіздік бойынша іс-шаралардың, жобалардың және мақсатты бағдарламалардың тиімділігін бағалау әдістерін әзірлеу;

15) еңбекті қорғау, қалыптандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

16) еңбекті қорғау, қалыптандыру саласында мемлекеттік стандарттар, нормалар мен стандарттарды өзектендіруге қатысу;

17) еңбекті қорғау, қалыптандыру саласында ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыруға қатысу.

Жалпы сомасы 50 733  мың теңгені құрайтын жарқылық капитал «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК балансында жатқан мүліктен құралатын болады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер