«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда Тау-кен қазу кешені бойынша комитет өз жұмысын бастады

2018 жылғы 25 Тамыз
- Қарағанды облысы
6203 просмотров

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік Кеңесінің  жанындағы Тау-кең қазу кешені комитетінің бірінші отырысы өтті. Аталған комитетті құруды Өңірлік кеңестің кезекті отырысында «Магнитка Казамета» ЖШС дириекторы Андрей Витик ұсынды.

«Өңірімзде дәл осы сала жетекші екені мәлім. Тау-кең металлургия саласында жиі мәселелер туындап жатыр, олардың көбі даулы. Ал құрылған комитет мәселелер мен ауыр түйткілдерді шешудің тиімді алаңы болмақ. Басқа салалардың комитеттері сәтті жұмыс істеп жатыр, шешілген сұрақтар да аз емес», – деді Андрей Витик.

Кезекті отырыста жергілікті кәсіпорындардың ұсыныстарын ескере отырып, жұмыс жоспарын бекіту және Комитет Төрағасын сайлау жоспарлануда. Сонымен қатар Комитет құрамына Казнедра орталығы және Қарағанды облысы Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқарасын кіргізу көзделген.

Айта кетелік, Қарағанды облысы ӨКП Өңірлік кеңесі экономиканың маңызды секторы – кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмыс істейді.

 Бүгінгі таңда Кеңес құрылымы бірнеше комитетке бөлінді. Өңірлік кеңес жанынан 6 комитет жұмыс істейді, атап айтқанда құрылыс және индустрия комитеті, жеңіл өнеркәсібі комитеті, шағын және орта кәсіпкерлік комитеті, сауда комитеті, агроөнеркәсіп кешені комитеті, машина жасау комитеті, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық комиеті.

 Кәсіпкерлер салаға қатысты мәселелерін комитет қарауына беруге мүмкіндіктері бар.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер