«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК ұйымдастырушылық-құқықтық формасын өзгерту туралы

2018 жылғы 24 Тамыз
12330 просмотров

 Мемлекеттік қатысумен заңды тұлғаларды құру бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылау мақсатында «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (ары қарай – Мемлекеттік басқару академиясы) өзгерту жоспарланғаны туралы өтініш жарияланды.

Қызмет ету ауқымы: Астана қаласы мен Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық шекарасы аумағы.

Мемлекеттік басқару академиясының орналасу жері: Астана қаласы. Құрылтайшы: Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Төменде  Мемлекеттік басқару академиясының қызметі жайында ақпарат берілген.

 Мемлекеттік басқару академиясының қызмет көрсету түрі:

1)      жоғары оқу орнынан кейін білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша білім беру қызметін көрсету;

2)      қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін көрсету:

 

•        мемлекеттік қызметкерлер, дипломаттық қызмет өкілдері, жұмысшылар, құқық қорғау органдары қызметкерлері, әскери қызметкерлер, азаматтық қызметкерлер, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар қызметкерлері, мемлекеттік қатысуымен заңды тұлғалар, сонымен қатар мемлекеттік мекемелермен қарым-қатынас орнатқан тұлғалардың біліктілігін арттыру, қайта дайындау;

3)      оқушылар мен тыңдаушыларды оқу процесімен қамтамасыз ету, оның ішінде:

•        мемлекеттік қызметкерлер, дипломаттық қызмет өкілдері, судьялар, сот жүйесі жұмысшылары, жұмысшылар, құқық қорғау органдары қызметкерлері, әскери қызметкерлер, азаматтық қызметкерлер, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар қызметкерлері, мемлекеттік қатысуымен заңды тұлғалар, сонымен қатар мемлекеттік мекемелермен қарым-қатынас орнатқан тұлғаларды дайындау, өайта дайындау және біліктілікті жоғарылатуға аранлаған оқу жоспарлары мен бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту, Академияға оқуға қабылдаудың тәртібін, оның ішінде академияға студенттер мен студенттерді қабылдау жоспарын әзірлеу және бекіту;

•        оқытушылық-профессорлық құрамға арнап оқу жаттығулары түрлері бойынша білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми жүктемелердің нормалары мен көлемін бекіту;

•        ғылыми-педагогикалық, әдістемелік жұмысқа мамандарды тарту;

•        диссертациялық, аттестаттаушы кеңестер мен ғалымдарды және академиялық дәрежені тағайындау жөніндегі комиссияларды белгіленген тәртіпте құру;

•        Мемлекеттік басқару академиясының жарғысында көзделген басқа да іс-шаралар.

Мемлекеттік басқару академиясының Жарғылық капиталы жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін иеленушіден басшылыққа алынған мүліктен құрылады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер