«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Баниямин Файзулин кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізеді

2018 жылғы 24 Тамыз
- Жетісу облысы
4894 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Баниямин Файзулин Өңірлік палата ғимаратында апта сайын сәрсенбі күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізеді.

Бизнес субъектілері түрлі проблемалық сұрақтар бойынша, сонымен бірге құқықтық кеңес алу үшін жүгіне алады.

Баниямин Файзулин 2014 жылдан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесті басқарады. Кеңес кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу үшін, сондай-ақ көпшілікке таныстыру мақсатында құрылған.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы толық ақпарат atameken.kz сайтының арнайы бөлімінде жарияланған.

Баниямин Файзулин Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, Талдықорған қ. Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, Алматы облысы кәсіпкерлерінің біріккен қауымдастығының президенті, «Медиация» ҚҚ жетекшісі және Алматы облысы прокуратурасы жанындағы Кәсіпкерлер палатасымен байланыс жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.

Алдын ала жазылу 8 (7282) 40 12 82 телефоны арқылы немесе a.abisheva@atameken.kz бойынша.

Қабылдау Талдықорған қ., 8 ықшамаудан 2 А, Кәсіпкерлер палатасы 2-қабат мекенжайы бойынша жүргізіледі.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер