«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тұрғын үйді басқару бойынша байқаудың мерзімі ұзартылды

2018 жылғы 23 Тамыз
2292 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Астанадағы көп пәтерлі тұрғын үйде энергия үнемдеудің үздік шаралары кешені» бақауына қатысу өтінімдерін қабылдауды жалғастырып отыр. Аталған байқау Қазақстан, Өзбекстан және Германия бірігіп жүзеге асырып отырған «PRO HOUSE – Қазақстан және Өзбекстанда тұрғын үйлерді кәсіби басқару» жоба аясында ұйымдастырлып отыр. Жобаны Еуропалық одақ қаржыландырады.

Аталған байқауды өткізу мына мақсаттарды көздейді:

  • энергия үнемдеудің үздік іс-шараларын анықтау;
  • энергиялық тиімді модернизацияны көрсетіп отырған энергия үнемдеу іс-шараларды кең бағдарлау;
  • кәсіби басқарушылар мәртебесін ары қарай дамыту мен жоғарылату;
  • тұрғын үйді басқару мен құрылыс секторын ары қарай дамыту мен нығайту.

Байқауға қатысу өтінімдерін қабылдау  2018 жылдың 30 қыркүйеігне дейін ұзартылды.  

Баспа құжаттарды мына мекенжайда орналасқан кеңсеге әкелу керек: Астана қаласы, Қонаев көшесі 8, Б блогы, 2722-кабинет; электронды нұсқаларды: konkurs_ZHKH@mail.ru поштасына жолдауды сұраймыз.

Анықтама телефоны: 8 (7172) 919-361, сейсенбі мен бейсенбі күндері,  10.00-нан-13.00 сағат аралығында.

Байқау жеңімпаздары Германиянң Берлин мен Бохум қалаларында тұрғын үйді басқару бойынша екі апталық біліктікті жоғарылату курстарын өтуге жолдама алады.

 Ұсынылған өтінімдерді және бақалау критерийлеріне сай келуін ҚРҰКП, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары, уәкілетті органдар, әріптестер, салалық қауымдатықтар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы ғылым қайреткерлерінен тұратын Байқау комиссиясы анықтайды.  

 Қатысушыларға қойылатын талап, мерзімдер және басқа да ақпарат байқауға қатысуға Шақыру және Байқауды өткізу тәртібі туралы ережеде көрсетілген.

Байқау аясында өтетін шаралар туралы ақпарат  «Атамекен» ҚР ҰКП сайтында»  берілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер