«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекенде» кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесі талқыланды

2018 жылғы 22 Тамыз
5763 просмотров

Кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Жыл басынан бері Ұлттық палата ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері салық және кеден салаларындағы тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында бірлесіп жұмыс істеп келеді, ал 2018 жылдан бастап ТБЖ (тәуекелдерді басқару жүйесі) "Астана-1" АЖ негізделген электрондық декларациялауға енгізілді.

Кездесуді ашқан «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары м.а. Қуаныш Балтабаев  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ТБЖ жүзеге асыру мәселелеріне айрықша көңіл бөлетінін айтты.

«Бұл жүйе инспекциялау шараларын азайтады, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар, бұл ерекше назар аударуды талап ететін объектілерге көңіл аударуға көмектеседі», - деді Қуаныш Балтабаев.

Сондай-ақ, электрондық декларациялауды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Тәуекелдерді басқару Басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Байділдиновтың айтуынша, құжатсыз декларациялау сыбайлас жемқорлықты болдырмайды, мүдделі тараптардың өркениеттілігін танытады. Электрондық декларациялауды енгізу барысында адам факторына байланысты қателіктер жойылады.

Кедендік рәсімдеу қағидасы келесідей болады: қабылдау кезеңінде лауазымды тұлға тыйым салулар мен шектеулерді тексеру және таңдалған кедендік рәсімге сәйкес қажетті құжаттардың болуына қатысты бақылауды жүргізеді. Өз кезегінде, кедендік құнды бақылау, тауардың жіктелуі және шығарылған елі дәліз қағидаты бойынша әрекет ететін тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) негізінде ғана жүзеге асырылады.

«Электрондық декларациялау - декларанттардың өздері де, кедендік өкілдер арқылы тауарларды декларациялауды, ең алдымен жеңілдетуге, кедендік рәсімдерді жеделдетуге бағытталған. Барлығы ҚР ҚМ МКК-нің сервері арқылы автоматты түрде жасалады, содан кейін өнім сипаттамалары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың дифференциациясы негізінде тауарға декларацияларды жасыл, көк, сары және қызыл төрт дәлізге таратады», - деп түсіндірді Ерлан Байділдинов.

ҚР ҚМ МКК мәліметіне сәйкес қазіргі таңда 89 тәуекел профильдерінің 64-і кедендік операциялар кезеңінде қолданылады. Кедендік Әкімшілік департаменті директорының орынбасары Ирина Аңсарова  кедендік шаралардың концепциясын тек бастапқы кезеңде емес сонымен қатар пост – аудит кезеңінде де ескере отырып оны ТБЖ бірыңғай қарастыру керектігін атап өтті. Осының негізінде  ҚР ҚМ «ТБЖ стратегиясы мен тактикасы туралы» бұйрығына тиісті толықтырулар енгізу керек.

«Бүгінде декларация жүйесі кеден органдарын осыған байланысты сертификаттауға рұқсат беретін жүйелермен интеграциялауды қарастырады, біз E-терезеге электронды декларациялау жүйесінің бөлігі болатын модуль енгіземіз. Ол барлық дерекқорлармен біріктіріледі, автоматты түрде сұраным жасайды және егер қатысушының белгілі бір тауар түріне лицензиясы болса, жүйе оны да ескереді», - деп түсіндірді Талғат Мамаев.

Кездесу барысында тауардың атаулары мен сипаттамалары бар анықтаманы құрастыру туралы ұсынысты «КАТЭКС» ЗТБ төрағасы Сергей Архипкин айтты.

Бір сағаттан астам уақыт бойы кәсіпкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қойды, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды, мұның барлығы кездесудің хаттамасына тіркелді.

Жиын қорытындысы бойынша Стратегияға енгізілетін түзетулер, толықтырулар мен тәуекелдерді басқару тактикасын талқылайтын қосымша отырыс өткізу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер