«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда

2018 жылғы 20 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
4932 просмотров

Шығыс қазақстандық тауар өндірушілер және мердігерлердің кездесуі Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында өтті.

Жиынның мақсаты облыстың мердігерлік ұйымдарының облыс орталығында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салуда оларға қандай материалдар, өнімдер, құрылымдар мен жабдықтар қажет және отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін талқылау болды.

 «Қазіргі таңда барлық тапсырыс берушілер, мердігерлер облыста не шығарылып жатқанын біледі. Сонымен қатар өндірушілер тікелей мердігерлермен жұмыс істейміз деп қателікке бой алдырады. Негізінде мердігерлер жобалаушы әзірлеген жобаны орындаушылар ғана. Ал жобалаушы біздің отандық тауар өндірушілеріміз жайында білмесе, онда біздің материалдар үш есе керемет болса да оларды ешкім тұтынбайтын болады. Сондықтан біз осы кездесуді ұйымдастырып отырмыз», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

 Өскемен құрылыс бөлімі мәлеміттері бойынша биыл қалада 73 объектінің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 19-ы – тұрғын үй, 46-сы инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым, 3 – білім беру нысаны.

 «Құрылыс бөлімі бойынша жергілікті қамту үлесі 2018 жылдың екінші тоқсанында 92%-ды құрады, оның ішінде 89% – тауар, 100% – жұмыс пен қызмет көрсету. Құрылыс саласындағы мердігерлік ұйымдар кірпіш (100%), жылу оқшаулайтын материалдар (70%), пластик құбырлар, темір бетон бұйымдары, асфальтобетон (100%), арматуралық-бекітпе бұйымдар, металл бұйымдары (65%), шағын сәулет формалар, тротуар тақтасы (90%), инетртті материалдар, қыш тақталар, пластик терезелер, есіктер (100%), жиғаз бен мүкәммал (85%) қолданды, – деп хабарлады «Өскемен қаласы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеме жетекшісінің орынбасары Дидар Кеңесбаев.

Оның айтуынша, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде қазақстандық материалдарды пайдалану қадағаланады. Қазіргі таңда 8 тұрғын ауданға және 14 көпқабатты тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым  жасаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Онда темір бетон бұйымдар, гипс және гипсті картон бұйымдары, ағаш конструкциялары мен бұйымдары, әрлейтін бұйымдар, шатыр материалдары мен инженерлік жабдықтар  90%-ға Қазақстанда шығарылған.

Тауар өндірушілер импортты толық ығыстыру мақсатында қатаң шараларды қабылдауға және мердігерлерге отандық өндірістің материалдарын ғана пайдалануды міндеттеуді алға тартып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша ӨКП-да құрылыс бөлімімен бірлесіп, тараптарға ақпарат алмасуға көмектесу, әрбір мердігерден қажетті материалдардың тізімін сұрастыру және жергілікті өндірушілердің өнімдерінің тізімін ұсыну бойынша шешім қабылданды. Осылайша мердігерлік компаниялар ақпаратпен қамтылады.

 «Біз нақты біреуден сатып алыңыз деп міндеттемейміз. Мәселен, мына позиция бойынша тауарды Қазақстанда 5 өндіруші шығарады. Солардың кез келгенінен сатып алыңыз», – деді Игорь Шацкий.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер