«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды кәсіпкерлеріне неміс стандартымен бизнес жүргізу үйретілді

2018 жылғы 16 Тамыз
- Қарағанды облысы
6237 просмотров

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Германия және Қазақстан: экономикалық жүйе салыстыруы» атты семинар өтті

Кездесуде Өңірлік палата басшысы Ернар Күлпейісов кәсіпкерлер осы семинарда немістердің бизнес жүргізуі жайында пайдалы ақпарат алатынын айтты.

Расымен де 30-ға жуық кәсіпкер Еуропалық одақ пен Германия экономикасының негіздері туралы ақпарат алып, Қазақстан мен Германияның экономикалық жүйесін салыстырды. Ақпаратты Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің директоры Томас Хельм баяндады.

Томас Хельм Қазақстан Республикасы экономикасының маңызды аспектілеріне тоқталып, әлеуметтік-нарықтық экономиканың негіздерін, оның алдағы трансформациясын, Германия тұрғысынан Қазқастан үшін саяси ұсыныстарын және Германияның әлеуметтік-нарықтың экономикасындағы үрдістерді түсіндірді. Сонымен қатар дуальді білім беруді дамытудың жолдарын да айтып өтті.

«Қазақстанда неміс үлгісінде дуальді білім беруді енгізуде соңғы жылдары кәсіпорындардың бәсекелік және инновациялық арттыруда маңызды қадам жасады. Қазақстанда қызмет көрсету үшін тиімді орнығуды қалайтын логистика саласындағы халықаралық ірі компанияларға біліктілігі жоғары мамандар қажет. Алайда Қазақстанда дәл қазір мұндай мамандар тапшы. Неміс фирмалары Астана мен Алматыда емес, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау секілді орташа қалаларда кәсіпорын ашқылары келеді. Сондықтан осы бағытта жұмыс істеу керек», – дейді Томас Хельм.

Бүгінде Қазақстанда өз өнімін сәтті өткізіп отырған 250 компания жұмыс істейді. Солардың бірі «Бемер» компаниясы Қарағанды қаласында. Аталған компания туралы баяндаған сарапшы Қазақстанда шағын және орта бизнес Германиядағыдай экономиканың қозғаушы күшіне айнала алатындығын атап өтті.

«Германияда экономика шағын және орта бизнеске негізделген, кәсіпорындардың 97% – шағын және орта бизнеске жатады. Оған штат саны 5 адамға дейін тұратын кәсіпорындар жатуы мүмкін және олардың 90% – 10 адамға дейін жұмыс істейтін отбасылық кәсіпорын. Сондықтан шағын және орта бизнесті Германия экономикасының қозғаушы күші деп атаймыз. Қазақстан экономикасының трансформациясы шағын және орта бизнесті дамытуға негізделгені маңызды. Онда Қазақстан экономикасы үшін зор маңызға ие болатын экономиканы әртараптандыру идеясы жатыр», - деп атап өтті сарапшы.

Қор басшысы қатысушыларды Қазақстан үкіметімен құқықтық реформа, «Жасыл экономика» саласында жобалық ынтымақтастық нәтижесімен қызықтырды.

«2030 жылға қарай жаһандық энергетикалық баланстағы үлесі 60%-ға жететін жаңғырмалы энергия көздері дамудың айтарлықтай ұзақ жолында болды, бүгінде осы саланың қарқындылығына күмән жоқ. Қазақстанның географиялық орналасуы осы жаңғырмалы энергия көздерімен Орталық Азияда ғана емес, жалпы әлемде көшбасшы болуға зор мүмкіндік береді», - дейді Томас Хельм.

Сарапшы немістерден үйренетін дүние көп екенін атап өтті. жүйе Қазақстандағыдай болғанымен, Германияда жергілікті бюджет айтарлықтай тиімді, таңгерімді және ашық қалыптасады. Хельм мырза Қазақстан экономикасын өзгерту қажеттілігін бөліп көрсету үшін ремаркаларды қолданды және Германияның әлеуметтік-нарықтық экономикасы туралы тұжырымдаманы таныстырды.

Қатысушылар Қазақстан мен Германия экономикасындағы көрсеткіштер мен үрдістер туралы сауалдар қойып, неміс инвестициясының мүмкіндігі жайлы талқылау өткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер