«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанайлық кәсіпорын жем-шөпті арзандату бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысты

2018 жылғы 16 Тамыз
- Қостанай облысы
7671 просмотров

Қостанайлық Евгений және Александра Сұлтановтар дұрыс тамақтану туралы… малды дұрыс тамақтандыру жайында барлығын біледі.

2017 жылдың сәуір айында олар Қостанайда жем-шөп өндіру бойынша зауыт ашады. Небәрі бір жыл ішінде «Гермес 4» жауапкершілігі шектеулі серіктестік ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арзандатылған жем-шөпті өткізу   мемлекеттік бағдарламаға қатысып отырған мықты фирмаға айналды. Қазіргі таңда «Гермес 4» ЖШС өнімін Қазақстанда ғана емес, Ресей, Ауғанстан, Түркия, Өзбекстан нарықтарында да танымал.

«Бұл идеяны жолдасым бұрыннан қолға алмақ болған. Жем-шөпті дайындау жайында түрлі әдебиетті оқып, жабдықтармен танысты, тіпті жабдықты өзі құрастырды. Өнім бірден нарықта танылды – Қостанай облысында шикізаттың жақсы негізі бар. Жем-шөптің әзірге үш түрін шығарамыз, үшеуі  ірі қара малға да, құсқа да, қоянға да, тіпті балыққа да жарайтын әмбебап құрамнан тұрады», – деді Александра Сұлтанова.

 Евгений және Александра кәсіпті бастау үшін көп кідірмеді. Жаңа идеяларды іздеумен олар Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Онда ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арзандатылған жем-шөпті өткізу   мемлекеттік бағдарлама жайында естиді. Шағын зауытта қажетті қуаттылық жетпеді, сондықтан кәсіпкер отбасы жабдықты жаңғыртуға бел буады.

 «Нижний Новгородтан жем-шөп өндірудің барлық стандарттарына сай келетін жабдықты сатып алдық. Биыл ақпан айында оны қондырдық. Жаңғыртуға дейін жабдық қуаттылығы жылына 21 000 тоннаны құраса, қазір жылына 37 000 тонна немесе сағатына 10 тонна. Бұл бұрынғыдан 75%-ға көп көрсеткіш. Штат 40 адамға ұлғайды. Бұл механиктер, өндірісі жабдығының операторлары, электриктер, энергетиктер, слесарь реттеуіштер, технологтар, бухгалтерлер, шопырлар», – деді Александра Сұлтанова.

 Бағдарламаға қатысқан «Гермес 4» ЖШС қуаттылығын арттырып қана қоймай, жергілікті ауыл шаруашылығы кооперациялардың шығынын азайтты. Енді шаруа қожалықтарына жем-шөп арзанға – тоннасына 17 000 теңге жұмсалады. Бұл өте арзан баға, өйткені нарықта кебектің 1 тоннасы 29 000-30 000 теңге, арпа мен бидай қалдықтары – 35 000-37 000 теңге тұрады.

«Гермес 4» ЖШС өндірісіндегі жабдық түрлі қоспаларды үйлестіріп, шығара алады. Барлығы экологиялық таза өнім, ірі қара малдың сүтті-етті болуына, құстардың көп жұмыртқалауына таптырмас азық.

«Бізге әлемнің түкпір-түкпірінен хабарласады. Әзірге Ауғанстан, Түркия мен Ресейге тасымалдап жатырмыз. Келешекте экспорт ауқымын кеңейтпекпіз», – деді Александра.

 Отбасылық бизнесте әркімнің өз қызметі бар, отағасы – технологиялық үдеріске жауап берсе, отанасы – құжаттарды реттеп, есеп-қисапты жүргізеді. Ал шешімдерді бірге қабылдайды. Соңғы отбасылық кеңесте олар «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуды шешеді.

 Бастапқыда байқауға қатысуға жүрексінген кәсіпорын «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында үш жеңімпаздың біреуі атанады. Енді қазан  айында Сұлтановтар «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауға қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер