Заңнамадағы бір сөз айыппұлдарды жеңілдікпен төлеуге кедергі болған
Ұлттық палата Әділет министрлігінен құжатты ретке келтіруді сұрады
«Атамекен» ҚР ҰКП 2017 жылы ҚР Әділет министрлігі және басқа да бейінді министрліктермен бірігіп, әкімшілік заңнаманы гуманизациялау және бизнестің әкімшілік ауыртпалығын төмендету бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамаларының бірі – бизнеске арналған әкімшілік кедергілерді қысқартуды енгізу және айыппұлдарды 50%-дықпен төлеу мүмкіндігі. Бұрын мұндай жеңілдік тек жеке тұлғаларға жасалған.
Сәйкес өзгертулер 28.12.2017 жылғы Заңмен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне енгізілді.
Алайда, Заңның орыс тіліндегі редакциясында «жеке» сөзін алып тастаған, ал мемлекеттік тілдегі редакцияда өзгерту жасалмаған. Соның нәтижесінде кәсіпкерлер кедергілерге тап болған.
«Бізге өтінімдер түсіп жатыр. Мәселен, Түркістан облысында бір компанияға 150 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Фирма бұзушылықты растап отыр, бірақ жоғарыда аталған олқылықтар салдарынан айыппұлды 50%-дық жеңілдікпен төлей алмады», – деді Заңнама департаментінің сарапшысы Хамит Шаймерденов.
Осы ретте ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңның 24 бабы 3-тармағына сәйкес нормативті-құқықтық актілердің қазақ тілі және орыс тіліндегі мәтіндері бірдей болуы шарт. Заңда, егер мәтіндер бір-біріне сәйкес келмесе, мемлекеттің немесе орыс тіліндегі актінің тұжырымдамасын басымдықпен пайдалануды көздемейді.
Заңнамалық актілердің әр түрлі түсіндірулеріне жол бермеу мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП құжатты ретке келтіру бойынша Әділте министрлігіне тиісті шараларды қолдану бойынша өтінім жолдады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: