«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды

2018 жылғы 14 Тамыз
- Қарағанды облысы
9652 просмотров

Өңірдегі бизнес өкілдері орталық мамандары көрсететін қызметті биыл 15 шілдеден бастап онлайн ала алады. Бұл аумақ пилоттық режимде клиенттердің жұмыс істеуіне арналған. Кәсіпкер компьютер арқылы мемлекеттік органға өтінім дайындап, жолдай алады, мемлекеттік сатып алулар сайтына тіркеліп, салық есептілігін және бақа да қызметтерді атқара алады.

«Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышында кәсіпкер компьютер арқылы өтінім дайындап, мемлекеттік органға жолдай алады, мемлекеттік сатып алулар сайтына тіркеліп, салық есебін де жүргізеді. Бастапқыда қиындықтар туындайтыны анық, дегенмен ұсыныстар арқылы онлайн-қызмет көрсету жетілдіріле түседі», – дейді өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

Бұл жаңашылдықтың барлығы елдегі цифрландыру арқылы жүргізіліп отыр және қызмет көрсету процедурасын барынша қысқарту әрі жеңілдетуді көздейді. «Бизнеске арналған үкімет» жобасының аясында палатада мемлекеттік қолдау шараларын қайта инжиниринг және автоматтандыру жұмысы қолға алынған. Қызметті үй, кеңседен шықпастан-ақ алуға болады. Себебі бұл ұсыныс services.atameken.kz сервисі арқылы смартфонмен де алынады.

«Енді Atameken Services бір терезе қағидатымен жұмыс істейтін қызметті енгізе отырып, кәсіпкерлер онлайн режимде қызмет алады. Нәтижесінде қызметтің барлық түрін қараудың мерзімі 50-60 күннен 1-3 күнге дейін қсқарада деген болжам бар. Бүгінде онлайн режимге өту кезең-кезеңімен іске асырылып отыр. Кәсіпкер бейне байланыс арқылы да кеңес ала алады», – дейді Ернар Күлпейісов.

Арнайы қосымша арқылы кәсіпкер 8 бағытта көрсетілетін 61 сервистік қызметті тегін әрі жедел ала алады.

Дұрыс толтырғанына секемденгендерге орталықтағы кеңесші мамандар бірден көмектеседі, барлық сауалдарға жауап беріп, бағыт-бағдарын көрсетеді.

Құрметті кәсіпкерлер, баршаңызды күтеміз, мекенжай: Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 29, 1-қабат. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 54-64-12.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер