«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерге өсімдіктер дүниесі жайлы жаңа заң жобасымен танысу ұсынылды

2018 жылғы 14 Тамыз
14358 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Өсімдіктер дүниесі туралы» Тұжырымдама мен Заң жобасы түсті. Аталған құжаттарды Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған.

Жаңа Заңда өсімдіктер дүниесін пайдалану және сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу мәселесін жүйелеу ұсынылған.

Заңның реттеу саласы – генетикалық қорды жаңғырту және сақтау мақсатында дақылдарды өсіру, табиғи жағдайда, сондай-ақ жабайы түрде өсетін өсімік әлемінің нысаны.

Заң жобасында ұсынылады:

1. Өсімдік дүниесі нысандарын қолдану саласындағы қызметті лицензиялау (мемлекеттік орман қорының аймағында орман пайдаланушылары жүзеге асыратын сүрек дайындау қызметі; жабайы өсетін дәрілік шикізатты плантациямен өсіруде; құрамында есірткі және психотропты заттар бар өсімдіктер мен шөптерді, өсіру, жинау және дайындау бойынша; Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді плантациялық өсіру және өткізу);

2. Өсімдіктер дүниесі нысанын сақтандыру (міндетті және ерікті);

3. Өсімдіктер дүниесі нысандарын салу, қолдану, сақтау саласындағы мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылауды іске асыру.

Егер Тұжырымдама мен заң жобасына қатысты ұсыныс және (немесе) ескерту болса, ақпаратты Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментіне, Айжан Қарабаеваға жолдауды сұраймыз: a.karabayeva@atameken.kz, байланыс телефоны: 919 325

Нормативті-құқықтық актілердің жобаларына қатысты жаңа материалдарлы күн сайын «Бизнес және Заң» Telegram-арнасынан оқуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер