«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экспорттаушыларға қолдаудың 10 түрлі құралы ұсынылды

2018 жылғы 14 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
5288 просмотров

Жұмыс істеп жатқан және әлеуетті экспорттаушыларға қолдаудың 10 түрлі құралы ұсынылып отыр. Олардың ең негізгілері жайында Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында өткен семинар барысында айтылды.

Кәсіпкерлерге мемлекеттік сақтандыру шараларын қолдану ұсынылды. 2018 жылдан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экспорттаушыларға қолдау көрсету бойынша мемлекеттік бағдарламаның операторы атанды. Бағдарлама аясында отандық өңделген тауарлар шығаратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындарды өтеуді көздейді.

 Егер сыртқы нарықтарда өткізуде күтілмеген жағдай орын алса, барлық шығындарды сақтандыру компаниясы өтейді. Тәуекелдер өз алдына саяси әрі коммерциялық деп жіктеледі. Коммерциялық тәуекелдерге сатып алушылар өздері жасаған келісім-шарттық міндеттемелерін орындамай, содан кейін қандай да бір себептермен олар орындамауы жатады. Саяси тәуекелдер – шет елдің заңнамасындағы өзгертулермен байланысты тәуекелдер. Өзгертулер салдарынан белгілі бір шектеулер қойылып, кәсіпкер міндеттерді орындай алмай қалады.

 Сақтандыру шеңберінде жарнамалық өнім, шетелдік көрмелер, жәрмеңкелер мен фестивальдарға қатысу, сонымен қатар жарнамалық каталогтарды әзірлеу мен тарату шығындары өтеледі делінген. Бұған қоса шетелге барған өкілдік, сауда нүктесі немесе қойманың орналасуы, тауар белгілері мен өнім сертификатын тіркеу бойынша процедуралардың бір бөлігі өтеледі.

Өскеменде өткен семинарда қолдаудың жаңа тетіктері туралы толық ақпаратты «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-тың өңірлік үйлестірушісі Алмаз Нұрғалиев айтып берді.

 «Біздік компания арқылы экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың 10 түрлі шарасы жасалады, Сақтандыру бойынша қолдаудың негізгі өнімдері –экспорттық келісімшарт бойынша кейінге қалдырылған төлемдерді сақтандыру, экспорттаушы қарызын сақтандыру, саудалық қаржыландыру, аванстық төлемді сақтандыру», – деп хабарлады маман.

 Бұған қоса экспорттаушыға шетелдік фирма-сатып алушы туралы ақпарат алуда көмек көрсетіледі, атап айтқанда фирманың сатып алуға қабілеттілігі, сот алдындағы борышы бар ма, жосықсыз салық төлеушілер тізімінде бар-жоғы жайында мәлімет беріледі.

Семинар барысында бизнесмендер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып толымды жауап алды. Олар «KazakhExport». Компаниясы арқылы орындалатын мемлекеттік қолдауға ынта танытты.

 Алмаз Нұрғалиевтың айытуынша, Шығыс Қазақстан облысы бойынша әзірге «Казгипроцветмет» ЖШС-мен бірге орындалған бір ғана жоба бар. Жүзеге асырылу кезеңінде 4 жоба, олардың қатарында «Азия Авто» АҚ және «Кэмонт» АҚ бар.

ШҚО ӨКП мәліметі бойынша қазіргі таңда өңірде 200-ден астам экспорттаушы жұмыс істейді, олардың арасында шағын және орта кәсіпкерлік субектілермен қатар ірі компаниялар да бар.

Тауар айналым құрылымында 77%-ға тең сүбелі үлесті экспорт жеткізілімдері алып отыр. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыстың экспорт көлемі 2354,2 млн АҚШ долларын құрады. Негізгі сауда әріптестер – Ресей мен Қытай. Болжам бойынша темір кені өнімі, мұнай-газ, бидай, рапс және күнбағыс дәні бойынша экспорт көлемі артады деп күтілуде.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер