«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еңбек дауларын қалай шешуге болады?

2018 жылғы 13 Тамыз
- Маңғыстау облысы
7146 просмотров

Ақтауда «Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Қазақстандағы Ф. Эберт атындағы қор бірлескен семинар тренинг басталды.

Тақырып:  «Кәсіпорын деңгейінде жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы диалог: еңбек дауларын шешу үшін келісу комиссияларын және мәмілеге келу шараларын қолдану». Шараға өңірдегі әлеуметтік серіктестердің өкілдері қатысып жатыр.

Семинарды Маңғыстау облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Қ.Жанабеков пен Алматыдағы Фридрих Эберт қорының үйлестірушісі А.Корчагин ашты. Тренингке Мәскеуден арнайы Эдуард Вохмин де шақырылды. Ол «Еңбек консалтингі» бірлескен қоғамдық ұйымының директоры болып қызмет етеді. Семинарда білікті маман еңбек дауларын сотқа дейін шешу әдістерін үйретті.

«Еңбек қақтығыстарын шешуге бағытталған түрлі әдістер белгілі. Бұл-татуластыру, келісімге келу, төрешілерге(арбитр) жүгіну т.б. Бірақ кәсіпорынның басшылығы мұның қажеттілігін түсінбесе, бұл әдістердің ешбірі нәтиже бермейді. Біздің міндетіміз - дауларды қоғамға паш етпей, кәсіпорынның ішінде компаниялар мен кәсіподақтар арасындағы өзара тиімді іс-қимылдармен шешуге көмектесу», – дейді Эдуард Вохмин.  

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі жұмыс берушілер мен қызметкерлерді кәсіптік одақтар арқылы кәсіпорындардағы еңбек дауларын шешуге шақырады. Бірақ қолда бар тетіктерді шебер пайдалану үшін кәсіпорында қажетті жүйені құру, оны жұмыс процесіне айналдыру қажет.  Семинарда айтылған түйінді ой осы болды.

Тренинг тағы үш күнге жалғасады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер