«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығарылғаны туралы сертификат: бизнесмендер қанша үнемдеді?

2018 жылғы 10 Тамыз
4239 просмотров

27 наурызда Дүниежүзілік Банктің «Doing business» рейтингіндегі Қазақстанның «халықаралық сауда» индикаторы бойынша көрсеткішін жақсарту жұмысының аясында өңдеу өнеркәсібі тауарларына экспорттық шығарылу сертификатын алу кезінде шығарылған елін анықтау бойынша міндетті сараптаманы алып тастау нормасы күшіне енді.

Сертификатты алу мерзімі 3 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне азайды.

Бұған дейін кәсіпкер экспорттау үшін өңделген тауардың шығарылғаны туралы сертфикатты алуда екі кезеңдік процедурадан өтуі тиіс еді. Алдымен 2 күн ішінде тауардың шығарылған елін анықтау сараптамасы процесінен өтетін, одан кейін 1 күн рәсімделген сертификатты алуға жұмсалатын.

Былайша айтқанда, тауарды шетелге экспорттайтын кәсіпкер қосымша қаржы шығынына ұшырап, уақытын сараптамадан өтуге жұмсайтын.

«Осы кезеңде өзгеріс енгеннен бастап 4 ай ішінде тауар шығарылуының экспорттық формасында 18 мыңнан аса сертификат берілді. 2017 жылдың осы кезеңінде шамамен 14 мың сертификат берілген еді. Тауардың шығарылған елі туралы сертификатты беру серпіні айқын екені көрініп отыр», ­- дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Эльмира Оразова.

Егер сараптамаға ең төменгі құнын 20 мың теңге сесебінен алып қарағанда былтыр кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібі тауарларының сараптамасына орташа алғанда 128 млн теңге жұмсаған.

Мұнымен қоса, 2018 жылы сараптаманың алынып тастарғанын ескерсе, Қазақстан кәсіпкерлері 4 ай ішінде  тауардың шығарылған елі сараптамасына жұмсалуы мүмкін деген 115 млн теңгеден астам соманы үнемдеген. Мұнымен қоса сертификат алудың 2 күні қысқартылды, бұл уақытта кәсіпкер тауарды тұрып қалғаны үшін де шығынға ұшырайтын.

2017 жыл сәуір-маусым

14 мыңнан астам сертификат берілі

Сараптамаға 128 млн.теңгеден астам сома жұмсалған

2018 жыл сәуір-шілде

18 мыңнан аса сертификат берілген

Сараптаманы алып тастағаннан 115 млн теңгеден астам сома үнемделген

 

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның көрсеткішін жақсарту – мемлекеттің басым міндеті, бұл Президенттің Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына енгізу тапсырмасынан туындайды.

Мұнымен қоса, кәсіпкерлікке оңтайлы ортаны қалыптастыру мақсатында Ұлттық палата алдағы уақытта сертификаттауды электронды форматқа ауыстыру үшін сертификаттаудың электронды жүйесінің жұмысын аяқтады. Бұл бизнес субъектісіне түсетін салмақты азайтып, сертификаттаудың барлық процедурасын бақылауды және сертификат алудың барлық процесін тиімді етуді қамтамасыз етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер