Отандық экспорттаушылар Душанбеге шақырылды
Сауда-экономикалық миссия 9-12 тамыз аралығында Тәжікстанның астанасы Душанбеде өтеді
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы әлеуетті экспорттаушыларды аталған іс-шараға қатысуға шақырады. Миссияға қатысуға 20 отандық тауар өндіруші өтінім беріп қойды. Оның ішінде «Amitech Astana», «AQUA ALLIANCE», «IT&M», «Mega SMART», «Nedex Almaty» ЖШС, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты», «Концерн «Цесна-Астык» ЖШС қатысады.
Миссияның мақсаты отандық өңделген өнім мен қызметті көрші елге экспорттау. Өнімдеріміз бен қызметтерімізді басқа өндірушілердің ұқсас өнімдерінен ерекшеленетін танымал ету қажеттілігі туындап тұр. Осылайша бәсекеге қабілеттілік шындала түседі.
Тәжік тарапы іс-шара барысында көлік, экономикалық даму, қаржы, өнеркәсіп пен энергетика министрлігі, сондай-ақ, лизингтік және жеке көлік компаниялар, сауда желілері мен басқа да фирмаларын таныстырады
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ырты экономикалық салада қазақстандық бизнес мүддесін қорғау, алға жылжыту аясында жұмысты жалғастыратын болады.
Барлық сұрақтар бойынша маман Айнұр Әнесоваға хабарласуды сұраймыз: +7 (7172) 279054 (вн.227), e-mail: a.anessova@atameken.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: