«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тұрғын үйде газ жабдығын қолдануға рұқсат берілді

2018 жылғы 09 Тамыз
7746 просмотров

Жобалау мен құрылыс саласында тағы бір кедергі жойылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына тұрғын үйдің тұрғын емес орынжайларында тұрмыстық газ жабдықтарын пайдалану мүмкін еместігі мәселесін шешу бойынша «Актюбгражданпроект» жобалау компаниясы, «Қазақстан жобалаушылар қауымдастығы» ЗТБ, сонымен қатар Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысының кәсіпкерлері өтінім жасады.

Табиғи газы бар өңірлерде  профилі ауысқан тұрғын үйлердің нысанын (көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналсқан пәтерлер)  коммерциялыққа өзгерту мәселесі түйткілді болып отыр. Осындай орынжайлардың иелері газға қосу бойынша монополисттердің бас тартауын негізсіз деп санайды, өйткені өңірде  жылудың басқа көздері жоқ. Кәсіпкерлер бизнесті жүргізу мақсатында орынжайлар ішіне газ плиталары, жылыту пештерін, газбен қызатын су жылытқыш қазандықтарды орната алмайды.  

 Алайда  2018 жылдың 1 тамызынан бастап бұл кедергі кәсіпкерлер үшін толығымен алынып тасталды.

Құрылысы жұмыстары жөніндегі комитет төрағасының №171-НК бұйрығымен  ҚР ЕЖ 3.02-01-2011 «Көппәтерлі тұрғын ғимараттар»,

 ҚР ЕЖ 3.02-101-2012 «Көппәтерлі тұрғын ғимараттар», ЕЖ 4.03-101-2013 «Газ тарту жүйелері» атты нормативті-техникалық құжаттарға түзетулер енгізілді.  

 Дамыған елдердің әлемдік тәжірибесінде пәтер бойынша газ жылыту қазандықтарын орнату – ең үнемді әрі прогрессияшыл шешім ретінде кең қолданылады. Аталған жүйелерді қолдану арқылы тұрғын үйлерін салу және пайдалану практикасы Қазақстанда Кеңес одағы кезеңінен бар. Алайда, осы жайтқа қарамастан, монополист осы уақытқа дейін салада нормативтерде сәйкессіздіктер мен қисынсыздыққа сілтеп, осы жүйені қолданысқа рұқсат етпеді.

Осыған себепті еліміздің осыаталған өңірлердегі тұрғын үйлерді жобалау және салу жұмыстары тоқтап қалды. Өз кезегінде мынадай түйткіл халыққа арнап тұрғын үйі салу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға кедергі болып отыр.

Бұл мәселенің экономикалық және әлеуметтік тұрғыда өзектілігі мен маңыздылығын ескере отырып,  сондай-ақ газ жабдықтарын орнату және пайдалану бөлігінде тікелей мүмкін болатын түсінбеушіліктерді нақтылау және жою мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы уәкілетті органға қолданыстағы стандарттарға тиісті толықтырулар мен өзгертулер енгізу қажеттігі туралы ұсыныс жасады.

 Осы ретте белгіленген нормативті-техникалық құжаттарға мемелкеттік нормативтерді әзірлеу, бекіту, тіркеу және қолданысқа беру  Ережелерімен бекітелген процедураларды ескере отырып, жедел өзгертуді енгізу мақсатында  (ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 22.12.2017 ж. №890 бұйрығы) Ұлттық палата өтінім берушілермен бірлесіп, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін әрбір тармақшада көп пәтерлі үйлерде газбен жабдықтау құралдарын пайдалануға қойылатын талаптарды регламенттеу бойынша салыстырмалы кесте түрінде негізделген ұсыныстар дайындалды.

 Уәкілетті орган өкілдерімен өткен бірнеше жұмыс кездесулер және көтерілген мәселені егжей-тегжейлі талқылау нәтижесінде ғылыми-техникалық кеңестің отырысына мәселе қоймай жоғарыда аталған стандарттарға тиісті түзетулер мен өзгертулерді дереу енгізу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер