«Бастау» жобасының Қостанайдағы ерекше идеялары
«Бастау» түлектерінің жобаларын қорғау сәтін көріп, стартапқа арналған идеялардың рейтингін жасау оңай болады. Қостанайда ол ауқымды әрі қызықты: фитнес-клуб пен шугаринг студиясын ашудан бастап, жылқы өсіруге дейін жалғасады.
Ең үздік бизнес хоббиден басталатыны белгілі. Себебі көңілге ұнайтын кәсіпке уақыт та, жігер де аянбай төгіледі. Жас портшы Антон Говенко осы жолмен жүруге шешім қабылдап, «Garage» деп аталатын жеке фитнес-клубын ашты. Атауының өзі кәсіптің мәнін толықтай ашады. Бұл орын нағыз ер азаматтарға арналған.
«Қазір көбі әйелдер фитнесіне арналған залдарды ашады. Бірақ ерлер де спортпен шұғылданады, оларға қажетті жабдықтар мен жеке бағдарламалар керек. Мен не жайлы айтып отырғанымды түсінемін, себебі тәулігіне 12-13 сағаттан тренер болып жұмыс істегем», - дейді бизнес-жобасын қорғаған Антон Говенко.
Антонның өз қаражаты клубтың ашылуына қажетті дегенге әрең жеткен. Енді жас кәсіпкер жөндеу жұмыстарын жүргізіп, әйелдерге арналған зал ашуды қалайды. Осы идеясымен «Бастау» курсына келген. Бизнес-тренерлер жеңілдетілген шағын несие алудың есебін жүргізуге көмектескен.
Ал «Бастаудың» тағы бір түлегі Светлана Черкасова әйелдерге бағытталған бизнесті ерлерге қарай икемдеу міндетін қойып отыр. Келіншек шугаринг пен эпиляция студиясына уақыт өте келе ерлер де келетініне сенімді.
«Тағы бір ерекшелік – қызметті алдын ала жызылымсыз алу. Қостанайда бұл процедураларға кезек көп, жақсы маманға жолығу да қиын. Ал мен бір шеберді алдын ала жазылымсыз қабылдауға бөлуді жоспарлап отырмын», - дейді Светлана Черкасова.
Светлананың ойластыруынша студия қаланың орталығында болады. Орынжайды да қарастырған. Енді шағын несие алу қалған. Бизнес-идеяны іске асыру үшін 3 775 000 теңге қаржы керек.
Сонымен қатар тағы бір түлек Жеңіс Омаров өз жобасының көпфункционалдылығын бірегейлік санайды. Оның кәсіби фотостудиясы барлық қызмет түрін қамтымақ – түрлі жанрдағы бейнетүсірілімнен бастап, фотосессия, «Love Story», фильм құрастыру және тағы басқа да қызмет түрлері көрсетіледі.
«Біз бәсекелестерді зерттедік, нарыққа қалай кіру керектігін де білеміз. Жабдық үшін 3 млн теңге керек. Желтоқсанда бастауды жоспарлап отырмыз, сол уақытта осы қызметке деген сұраныс жоғары болмақ. Балабақшалардағы мерекелік шаралардан бастап, корпоративтік кештерге дейін артатыны анық», - дейді Жеңіс Омаров.
Жарнама бизнесін ашуды қалайтын Наталья Дмитренкоға ауқымды қаражат керек. 10 жыл типографияда жұмыс істеген ол жеке кәсібін ашуды қалайды.
«Кеңселік және өндірістік мақсаттағы екі орынжайды жалға алғым келеді. Жабдық өте қымбат. Басатын плоттердің өзі 5 млн теңге тұрады, лицензиялық қамтамасыз етуге, жалға алу құнына және шығыс материалына тағы да 2 млн теңге керек», - деп түсіндірді Наталья Дмитренко.
Осы кәсіпкерлердің барлығы да бизнеске арналған орында қала орталығынан іздестірсе, Ботагөз Козлова ауылдық жерге айырбастамақ ойда. Жобаны іске асыру үшін отбасымен Ұзынкөл ауданына қоныс аудармақ. Ол жылқы бағуды қалайды. Бастапқыда 10 жас жылқы алуды жоспарлаған.
«Жылқыны күтіп-баптай аламын, жолдасым да көмектеседі», - дейді жылы жымиған Ботагөз Козлова.
Осы жобалардың қайсысына қаржы бөлінетінін уақыт көрсетеді. Бастысы сәттілік серік болсын!
Пікір қалдыру:
Пікірлер: