«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына белсенді қатысуға шақырды

2018 жылғы 06 Тамыз
- Атырау облысы
7520 просмотров

Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша түрлі салаларда жалпы сомасы 25.5 млрд теңгені құрайтын  17 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы жүзеге асырылуда

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік органдарды, даму институттары және бизнес-құрылымдары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында МЖӘ аясында ұсынылып отырған жобалардың таныстырылымы жасалды. Айта кетелік, былтырдан бастап облыс әкімдігі шешімімен МЖӘ жобалары бойынша консультациялық қызмет көрсету функциялары «Атырау Innovations» кәсіпорнына жүктелген.

«Өңірде жалпы сомасы 25,5  млрд теңгені құрайтын 17 жоба іске асып жатыр, сондай-ақ былтыр энергетика мен денсаулық сақтау саласында жалпы сомасы 3,5 млрд теңге болатын тағы екі жоба жүзігі асырылуда.  Дегенмен, жобалардың санын арттыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Басқарламалардан бүгінге дейін 160 жоба түсті. МЖӘ дамуының өзектілігін ескере отырып, қолданыстағы портфель құрылымын барлық сала бойынша кеңейту қажет», – деп атап өтті «Атырау Innovations» ЖШС директорының орынбасары Равиль Қаржауов.

  Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттің балансында тұрған мемлекеттік мекемелерді сенімгерлік басқаруға беру арқылы МЖӘ жобаларын құру мүмкіндігі бар.

 «Мәселен, мектеп, балабақша, емхана, спорт кешендері сынды әлеуметтік нысандардың қызмет сапасын оларды МЖӘ негізіндегі цифрлық және заманауи технологиялармен қамтамасыз ету арқылы жақсартуға болады. Қазіргі таңда мектептердегі асханалар мен спорт алаңдарын сенімді басқаруға беру қажеттілігі туындап отыр, осы ретте оларды қажет жабдықпен қамту керек. Кәсіпкерлер бастауыш сынып оқушыларына арнап ыстық тамақ пісіруді ұйымдастыруға өтінімдер түсіріп жатыр. Сондықтан МЖӘ жобалар санын қызмет көрсету саласында арттыру керек», – деді Равиль Қаржауов.

 Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларында жұмыс істеуге ниетті кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Айта кетелік, былтырғы жылдың соңында Бюджет кодексі мен МЖӘ туралы заңға процедураларды айтарлықтай жеңілдететін өзгертулер енгізілген. жиын барысында бұл өзгертулер және МЖӘ аясында ұсынылып отырған жобалар туралы«Атырау Innovations» ЖШС өкілдері егжей-тегжейлі түсіндіріп кетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер