«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әйелдер бизнесін қолдау немесе жеңілдетілген несиені кім алады?

2018 жылғы 02 Тамыз
- Қарағанды облысы
26775 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында іскер әйелдерге арналған несие бағдарламасы түсіндірілді. Бұл несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 5-7% аралығында. Жеңілдетілген қаржы «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі мен Еуразиялық топ, Қазақстанның Халық банкі арасында жасалған меморандум  негізінде бөлінген. Келісімге сәйкес, банк әйелдердің бизнес-жобаларын қолдауға арнап 1 млрд теңге бөледі.

Қарағандылық іскер әйелдерге микронесие алудың шарттары мен тәртібі жайында Іскер әйелдер кеңесінің өкілі Жанаргүл Күлмағамбетова түсіндірді. Кәсібін енді бастаған, сондай-ақ жеке бизнеспен айналысуға ниетті қыз-келіншектерге бизнес-сүйемелдеу, заңгерлік кеңес, кеден сүймелдеуі, салық есебі секілді тақырыптар да айтылды.

«Бүгінде Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасына 20-дан астам өтінім түсті, оның ішінде 5 өтінім банктің қарауына жолданды, қалған өтініш бойынша құжаттар жинақталуда. Кәсіпкерлер демалыс базасын кеңейту, балаларға арналған студиялар мен бақшаларды ашу, сұлулық салондарын іске қосу секілді көптеген саладағы кәсіпке несие алады», – деді Жанаргүл Жұмабайқызы.

Айталық, жаңа бағдарлама бойынша несиені заңды тұлғалар, шаруа және фермерлік қожалықтар, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері ала алады. Алайда басты шарт – кәсіп экономикалық және қылмыстық құқық бұзушылық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған әйел адамға тиесілі болуы керек.

Модератордың айтуынша іскер-әйелдер жылдық мөлшері 5 пайызбен 10 млн теңгеге дейін несие алуына болады. 5% шарты несиені 24 айға рәсімдегенде қолданылады, ал 36 айға есептесе пайыздық мөлшерлемесі – 6%, 60 айға бөлгенде – 6,5% болады. Несиені рәсімдеудің ең жоғары мерзімі 84 ай, бұл ретте банктің мөлшерлемесі 7%-ға көтеріледі.

«Барлық жастағы әйелдер өтінім бере алады. Бастысы бизнес солардың атына рәсімделіп қана қоймай, өздері де сол кәсіппен айналысулары маңызды. Таңдалған саладағы тәжірибесі кемінде жарты жыл болуы тиіс. Бұл бухгалтерияны жүргізу қабілеті, клиент базасын толықтыруын растауға жеткілікті. Тәжірибеге сүйенсек, әйел кәсіпкерлер қарызды қайтару, несиені өтеуде мұқият, сондықтан банк олардың кәсібін қолдауға ниет білдірді, ең бастысы жақсы жобаларды ұсыну керек», – деді Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

Жиынға келген ханымдар несие алу үшін кепілзат талап етілетіндігін сұрастырды. Кепілдік керек. Банк кепілдік ретінде жылжымайтын жылжитын мүлік пен жинақталған қаржыны қабылдайды. Егер кепілдік құны несие сомасын жаппаса, кепілдік қамтамасыз етуде «Даму» қоры көмектеседі. Нақты жағдайға байланысты кепілдік несие сомасының 50%-дан 85%-ға дейін жабуы мүмкін.

Сонымен қатар құжат топтамасында жобаның артық-кемі, тәуекелі толықтай көрсетілген бизнес-жоспарды дайындауға кеңес беріледі. Бизнес-жоспар дайындауды «Атамекен» ҚР ҰКП курстарында үйренуге болады немесе кәсіпкер үшін дайындап та береді.

«Әйелдерге арналған несиелеу бағдарламасы үшін бизнес-жоспарды бірден дайындаймыз. Ең көп тегенде 10 күнге созылады. Кәсіпкерлер істі нақты түсініп, жақсылап ойластырылған идеяны ұсынулары керек. Қазіргі таңда 25 жобамен жұмыс істелуді, қалғаны банктің қарауына жолданды», – деп атап өтті ӨКП маркетинг жөніндегі менеджер Елена Ташони.

Жеңілдетілген несие алу үшін іскер ханымдар Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 29, 3-қабат, 317 кабинетке өтініш беруі керек. Өтінімді қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің сарапшысы Гузяль Омарбекова қабылдайды, сонымен қатар 506418   + 409 тел.нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Өтінім беруге асыққан абзал, себебі жоба осы жылдың соңына дейін жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер