«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылорда: Үздіктерге миллион теңге беріледі

2018 жылғы 24 Шілде
- Қызылорда облысы
3409 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

«Өткен айда кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне қатысты аудандарды аралау сапарымызды бітірдік. Бұл шараның өзге сапарлардан ерекше айырмашылығы бар», - деген Палата басшысы бұл жайтты былайша түсіндіріп берді.  

«Біріншіден, бұл сапарда облыс әкімінің өзі бас болып, барлық ауданда саланы дамытуға қатысты арнайы мәжіліс өткізді. Жауапты мамандардың есептерін тыңдап, аудан, ауыл әкімдерінен бұл бағыттағы жұмыстардың кемшін тұстарының себеп-салдарын сұрап, жұмысты қатаң талап етті. Екіншіден, аймақ басшысы қатысқан аталмыш мәжілістерде Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директорлары қысқаша хабарлама жасап, ауданда Палатамен атқарылып жатқан жұмыстарға есеп берді», - деді Ғалымбек Жақсылықов.

Айта кету керек, биылғы жыл біздің облысымызда «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» болып бекітілді. Саланы дамыту үшін жергілікті атқарушы орган тарапынан ерекше қолдау көрсетілуде. Осы ретте, облыс басшысы әкімдікке қарасты барлық лауазымды тұлғаларды (облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары) ауданға, тіпті ауылға жауапты ретінде бекітіп, тоқсан сайын кеңейтілген жиында сол ауылда, ауданда кәсіпкерліктің даму көрсеткіші, ұсынылған, қаржыландырылған жобалар, тіпті жауапты лауазымды тұлғаның саланы дамыту үшін нақты қабылдаған шаралары туралы есеп алып отыр. Ал бекітілген мемлекеттік қызметкерлер ауданды, ауылды аралап, әкімдерімен байланысып, жобаларды қорғауға қатысып, белсенділік танытуда.

Кәсіпкерлер палатасының директоры кәсіпкерлікті дамытуға қатысты белсенді жұмыс жасап отырған мемлекеттік қызметкерлерге де тоқталып өтті.  

«Қазалы ауданы Қызылқұм ауылдық округіне жетекші облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Акимов Олжастың, Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылына жетекші облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғаттың, Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылына жетекші облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бердаулетов Бағдаттың, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылына жетекші облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Жолдасов Ержанның, Шиелі ауданы Гигант ауылына жауапты облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының  орынбасары Ысмағұлов Талғаттың, Шиелі ауданы Ортақшыл ауылына жауапты облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Жакыпбаева Әлияның жауапкершілігін атап өткім келеді», - деді Ғалымбек Жақсылықов.    

Палата директоры жағымды жаңалықпен де бөлісті. Облыс әкімі облысымыздың әр ауданы және Қызылорда қаласы бойынша үздік кәсіпкерлерді, облыс бойынша бір үздік ауыл әкімін және бір жауапты бекітілген тұлғаны, сондай-ақ Палатаның аудандағы 1 филиалын 1 млн. теңгеден қаржылай сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылдады. Нәтижесі жыл соңында белгілі болатын болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер