«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жас аналарға бағыт берген «Бизнес-Кеңесші»

2018 жылғы 31 Шілде
- Қарағанды облысы
7703 просмотров

Жезқазған қаласында екі жыл бұрын ашылған Аналар үйі емшектегі баласы бар, қиын жағдайға тап болған жас әйелдердің өмірін өзгертті. Мұнда олар жайлы орынмен қоса, медициналық, психологиялық және құқықтық көмек ала алады. Сондай-ақ кәсіби білім алу да қарастырылған.

Жас аналар «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша қысқа мерзімді оқу курсынан өтіп, ӨКП Жезқазған қаласындағы филиалы сарапшылары қолынан сертификаттарын алды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Аналар үйі тұрғындарымен жылы қарым-қатынаста. Өз кәсібін ашып, бизнес негіздерін оқығысы келетін әйелдер қашанда мамандар қолдауын алады.  

«Біз осы Үйдің әр тұрғынының жанкүйеріміз. Қыздарымыз өзін және балаларын қамтамасыз етулері үшін біз оларды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жөн санадық. Осы мақсатпен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгіндік, онда бізге бірден қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша бірнеше қыз-келіншек оқып шықты, тағы бір топ қыз оқуға өтінім берді», – деді Аналар үйінің үйлестірушісі Гүлмира Пірекенова.

 Тренинг барысында қыздар бизнес ашу, жүргізуге қатысты жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік қолдау бойынша толық ақпаратты ала алды.

 «Осыған дейін Аналар үйінде тігін цехы ашылып, онда қыздар тігу мен пішуді үйреніп жүр. Осылайша жас аналар тігуді бастап, өздеріне киім, балаларына бесік тыс-қабын, көрпе-жастығын, жаялықтарын тіге алады. Ал мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін білген соң кәсіп бастауға да ниеттілер бар», – деді Гүлмира Изкенова.

 Оқу нәтижесін байқаған Аналар үйінің үйлестірушісі Гүлмира Пірекенова да курстан өтті. Енді ол жаңа жобаларды Кәсіпкерлер палатасы көмегімен іске асыру жайында жоспар құрып жатыр.

 Айта кетелік, «Ана үйі» қорын ашудың мақсаты – жүкті аналардың өз баласынан бас тартуын болдырмау және әлеуметтік жетімдікке жол бермеу болып табылады. 2016 жылы Жезқазғанда  «Ана үйі» ашылғаннан бастап үйлестіруші Гүлмира Пірекенова күн сайын әлеуметтік миссияны орындап келеді – өмірлік қиындыққа тап болған  жас аналарға көмек беріп отыр. Келешекке үреймен қарайтын жас аналарға кәсіпкерлік білік те кәдеге асады.  

 Қордың екі жыл жұмыс істеуі кезеңінде Жезқазғанда 50-ге жуық бала жетімдіктен құтқарылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер