«Атамекен» қауымдастықтарды аккредиттеуді қайта жаңартады
«Атамекен» ҚР ҰКП қауымдастықтарды (одақтар) аккредиттеуді қайта жаңарту туралы хабарлады
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) түріндегі бірлестіктеріне аккредитация жүргізу туралы хабарлайды.
Ұлттық палатада аккредитация республикалық салааралық, салалық қауымдастықтарға (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік қауымдастықтарға (одақтар) қатысты іске асырылады.
Құжаттар 2018 жыл 23 шілдеден бастап 23 қазан аралығында қабылданады.
Құжат топтамасы қағазға басылған түрінле және/немесе электронды нұсқада мына мекенжайға жолданады: почталық мекенжай: ҚР, индекс 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Д.Қонаев к., 8, «Зүбәржат орамы» БО, «Б» блогы; e-mail: n.shayakhmetov@atameken.kz (байланыс телефоны 8 (7172) 91-93-56 (ішкі нөмір: 1972).
Аккредиттеуден өту үшін «Атамекен» басқармасына ұсынылатын құжаттар тізімі:
- Ережедегі 1 Қосымшада бекітілген қалыпта, қауымдастық (одақ) мүддесін танытуға сенімхатсыз өкілетті басшысының немесе сенімхат бойынша өкілінің қол қойылған өтініш (сенімхат көшірмесін қосымша тіркеу);
- Қауымдастық (одақ) қызметі туралы есеп және қауымдастықтың (одақ) біліктілік талабына сай екенін растайтын құжаттар;
- Ұлттық палатада аккредиттеу үшін сондай-ақ:
- Қауымдастық (одақ) өзінің өкілін дауыс беру құқығымен Ұлттық палата Төралқасының құрамына енгізуге ұсынатын комитет туралы мәлімет;
- Жоғарыда аталған өкіл (өкілдер) туралы мәліметтер (Т.А.Ә., түйіндеме, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, оның ішінде экономиканың тиісті саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы мәлімет, төлқұжатының көшірмесі);
- Қауымдастық (одақ) өкілінің (өкілдерінің) дауыс беру құқығымен қатысуы үшін Ұлттық палата Төралқасының басқа да комитеттері туралы мәліметтер, сондай-ақ жоғарыда аталған өкіл (өкілдер) туралы мәліметтер (Т.А.Ә., түйіндеме, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, оның ішінде экономиканың тиісті саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы мәлімет, төлқұжатының көшірмесі);
- Қауымдастық (одақ) атынан Съезд жұмысына қатысуға ұсынылатын өкіл туралы мәлімет.
- Қауымдастықтың (одақ) штат қызметкерлерінің тізімі, Т.А.Ә. және лауазымын көрсету;
Біліктілік талаптары және аккредитациядан өту процедурасы Ережемен бекітілген.
Ұлттық палата Төралқасы Комитеттері Ережелері мен Тәртібінің толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады: «АТАМЕКЕН» құжаттары»: IV бөлім 3-тармақтағы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ережесі және басқа да құжаттары» және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Комитеттері туралы ережелер».
Пікір қалдыру:
Пікірлер: