«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда Дала күні тойланды

2018 жылғы 30 Шілде
- Қарағанды облысы
7247 просмотров

Қарағанды облысы Осакаров ауданында дәстүрлі Дала күні өтіп, іс-шараға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы  өкілдері қатысты.

Мерекені «Найдоровское» ЖШС отандық және шетелдік әріптестерімен бірге ұйымдастырды. Мәдени-іскерлік бағдарлама бойынша, әріптестік кездесулер, шарттар жасау, жаңа технологиялардың таныстырылымы, концерттік бағдарлама, ойын-сауық, байқаулар ұйымдастырылып, дастархан жайылды. Бұған қоса  тәжірибе алмасу, аграрлық өндірістің жаңалықтарымен танысуға бағытталған форум өтті. Іс-шараға Қазақстан өңірінен ғана емес, алыс-жақын шет елден қонақтар келді.

Ақпан ауылы маңынан қазақ үйлер тігілді, қонақтарды ұйымдастырушылардың өздері қарсы алып, ән мен күй шырқалды. 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне техника, жабдық, технология, тынайтқыштар мен биостимулятор ұсынған әр қатысушыға бөлек шатырлар берілді. Мұнда агротехника саласындағы соңғы үлгідегі жетістіктер таныстырылды. Іс-шараға Осакаров ауданының әкімі Нұркен Қобжанов қатысты.

«Бүгінде Осакаров ауданында өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығында, ауылдық аймақтарда оң серпін байқалуда, жоғары технологиялық  бағыт жүзеге асып, салаға жаңғырту жасалынды. Қазіргі заманғы техниканы және қорғау құралдарын қолдануға негізделген жаңа астық өндіру технологиясын қолдану нәтижесінде ауа-райы жағдайына қарамастан тұрақты және жоғары сапалы дақыл алуға қол жетті. Осы ретте «Найдоровское» ЖШС заманауи технологияарды игеріп отыр, кәсіпорын Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті жетекшілігімен нақты егіншілік бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырып отыр», – деді әкім.

Нақты егіншілік – спутниктік және компьютерлік технология кешендерін пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін басқару жүйесі. Бұл мүмкіндік шаруаларға тұқым, тынайтқыш және басқа да ресурстарды санауға, әр учаскені дұрыс пайдалануға жол ашады. Форум қатысушылар басқа да мәселелерді талқылады.

«Жыл сайын Дала күнін жоспарлағанымызда форматты ұлғайтуға тырысамыз. Ол үшін отандық фермерлерге тәжірибесімен бөлісетін шетелден білікті қонақ шақырамыз. Біз компаниялар мен қаржы институттарының өкілдерімен тікелей байланысу үшін жағдай жасаймыз.  Мақсатымыз – іскерлік байланыс орнатуда тиімді алаң құру», – деді «AGROTEC Impex» бас директоры Йохан Шимпф.

Форум қатысушылары шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарламалар мен АӨК жобаларын нақты қаржыландыру көздерін талқыға салды.

Заманауи технологияларды пайдаланумен игерілген егін даласы мен таныстырылым алаңдары қонақтарды тамсантты. «Найдоровское» ЖШС 20 мың гектар жерде астық пен дәнді дақылдарды өсіріп, бұған қоса тұқым шаруашылығын жүргізеді.

 «Ғалымдар цифрландыруда көмек көрсетіп жатыр. Шаруашылығымыз пилоттық жобаға қатысып отыр, ол үшін мың гектар жер бөлінді. Бұл нақты жер игерудің басы. Болашақта спутниктен спектральды суреттер неғұрлым нақты, қосымша метеостанциялар пайдаланылады. Бұл бағыт өндірісі өнімділігін арттыруға бағытталып отыр. Шығындарды негіздеу үшін өнімділік кем дегенде 40 пайызға артуы керек. Әлемнің шаруалары адамдарды сапалы табиғи таза өніммен қамтамасыз ету керек. Бірігу арқылы осы күрделі мәселені шешуге тырысып жатырмыз», – деді «Найдоровское» ЖШС басшысы, ӨКП кеңесінің мүшесі Павел Лущак.

Мерекеге Теміртау қаласы мен Осакаров ауданындағы балалар үйі тәрбиеленушілері шақырылды. Балалар атқа мініп, садақ атып, әртүрлі ойындар ойнап, балмұздаққа қарық болды.

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер