«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тері бизнесімен айналысатындар көлеңкеден шығарылады

2018 жылғы 27 Шілде
- Алматы қаласы
4874 просмотров

Бастапқыда тері бұйымдарын таңбалаудың пилоттық жобасы 2015-2016 жылдарға жоспарланған еді. Алайда кейіннен мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданды. Еуразиялық үкіметаралық кеңес барысында 2016 жылы 27-28 қазанда Минск қаласында тері бұйымдарын таңбалау туралы Келісім мерзімін 2018 жылдың соңына дейін ұзарту туралы Хаттамаға қол қойылды

Сонымен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен Үкіметаралық кеңестің таңбалауды енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы тапсырмасы қабылданды, оның нәтижесінде 2017 жылдың 31 желтоқсанындағы ахуал бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕАЭО мүше-мемлекеттердің бірлескен есебін беру қажет.

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ҚР Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасымен бақылау белгілерінің қажетті санын дайындау және олардың жетіспеушілігін болдырмауды реттеу үшін өткізілмеген тауардың санын тіркеуді қолға алған.

Тері бұйымдарын таңбалау деп – тауарларға бақылау сәйкестендіру белгілерін салуды айтады. Ондағы мақсат – адал бәсекелестікті қолдау және жасырын бизнеспен айналысушылармен күресу. Бұл процедура тері бұйымдарын шығаратын, жеткізетін және сатумен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты қолданылады.

Таңбалауға Еразиялық экономикалық одақ аумағында – Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстанда сатылымға түскен табиғи теріден жасалған киім, киім бөліктері мен киімге қажетті бұйымдар жатады.

Құндыз, сазқұндыз, ақ түлкі, түркі, қоян, жанат, қой және басқа да жануарлардың табиғи терісінен жасалған бұйымдарға арнайы сәйкестендіру белгісі салынады.

Астары табиғи теріден жасалса, немесе сыртына тері жапсырылған болса да таңбалау керек (егер бұйым СЭҚ ТН 4303 тобына жататын болса).

Егер тері жағасына, манжет, қалтаның жиегіне қолданылса, сондай-ақ қолғап, биялай, бас киім жасалса,  таңбалауға жатпайды.

Ақпаратты Алматы қаласы Әуезов аудандың мемлекеттік кірістер департаменті берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер