«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда қанша оқу орталығы жұмыс істейді?

2018 жылғы 26 Шілде
- Алматы қаласы
6693 просмотров

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша қысқа мерзімде кәсіби білім беруді ұйымдастыру үшін 20 оқу орталықтары құрылып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының реестріне енгізілді. Осы оқу орталықтарының ішінде 8 орталық 2018 жылы ашылды.

«Былтыр аталған бағдарламаға Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының реестрінен 10 оқу орталығы қатысты. Онда 483 тыңдаушы білім алды. Биыл шілдедегі мәліметке сүйенсек, бағдарлама бойынша 6 орталық 255 тыңдаушыға білім беріп отыр. Бұл жақсы көрсеткіш», – деп атап өтті адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Гүлмира Мырза-Ғали.

Мұнымен қоса оқу барысында кездесетін түйткілді мәселелер талқыланды. Бағдарламаға қатысатын оқу орталықтарының қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде қағаз жүзінде ғана сабаққа қатысып, дайындық курсынан өтуге келмегендердің болғаны анықталған.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы кәсіби оқыту бөлімінің басшысы Асхат Тұрсынқұлов атап өткендей  білім алып жатқан 1045 адамның ішінде 101- сабаққа қатыспағаны үшін шығарылған. Білім алушылардың көбі степендия үшін ғана қызығып, бірнеше курстарға қатар жазылған.

Алматы бойынша оқу орталықтарының реестрі өңірлік кәсіпкерлер палатасында 2017 жылдың 4 шілдесінде жасалды. Білім беру бағдарламаларына дуальды оқыту элементі, қысқа мерзімде кәсіби оқытуда 1 жылдық тәжірибесі бар, «Атамекен» ҚР ҰКП реестріне енген, бекітілген үлгіде сертификат беретін білім беру мекемелері қатыса алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер