«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда «Бизнес–Кеңесшімен» орындалған арман

2018 жылғы 26 Шілде
- Қарағанды облысы
5865 просмотров

Кеншілер қаласында үш ай бұрын қытай асханасына арналған жаңа мейрамхана жұмыс істей бастады. «Принцесса» деген атау берілген тамақтану орнын қарағандылық кәсіпкер Гүлнар Алшынбаева ашты. «Бизнес–Кеңесші» курсынан білім алғанның нәтижесі іспен дәлелденді.

Гүлнар Алшынбаева бизнестегі алғашқы қадамын 90-жылдары бастаған. Қателік пен тәжірибе қатар алмасып, дүкен, кафе жұмысын жүргізген. Сонымен қатар бидай және сүт өнімдерінің бөлшек саудасын да игеріп, ауыл тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Дегенмен сол жетістікпен тоқтап қалмай жаңа бағыт – мейрамхана ісін қолға алуды ойластырды.

«Мейрамхана ашуды көптен ойға алғаныммен, іске асыра алмай келген едім. Осы салада тәдірибем болғанымен, жаңа трендті меңгеру керек. Сол үшін «Бизнес–Кеңесші» курсына бардым. Жігер мен білімді топтастырып, үш айдың бұрын жаңа мейрамхана аштым», – дейді курсты аяқтаған Гүлнар Алшынбаева.

Бизнесте тәжірибесі бар ол әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Осындай оқу бағдарламалары аз қателесіп, бизнесті дұрыс жүргізуді үйренуге болатынын түсіндіреді дейді. Кәсіпкерлер палатасына кез келген сауалмен жүгініп, кеңес алуға болатынан да атап өтті.

«Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жеке ісімді аштым. Ең алдымен «Бизнес–Кеңесші» курсын оқыдым. Бизнес-тренерлер ең қажетті ақпарат пен кеңесті берді. Тіпті Іскер әйелер кеңесіне де мүше болып үлгердім», – дейді кәсіпкер.

Мейрамханаға арналған орынжайды жалға алған ол қазір 4 адам жұмысқа қабылдаған. Оның екеуі білікті аспаз. Кешенді түскі ас пен қытайдың дәмді тағамын ұнатушылар қатары артып келеді. Іскер ханым енді үнді немесе тай асханасын жасауды ойластырып жүр.

Гүлнардың отбасы көмегін аямайды, сол себепті бизнесті отбасылық деп атауға әбден болады. Дәмді ас пен тиімді баға арқылы клиенттің көңілін табуды қалайды. Мысалы 6 адамға орташа чек құны 6000 теңге болуы мүмкін.

«Жетістік құпиясы қарапайым. Ең бастысы шын көңілмен бастап, келушілерге дәмді тағамнан бастап қызмет көрсетуге дейін сапалы болғаны. Ол уақытта дәмді тамақтануға, мерекелік шараларын атқаруға қайта айналып келушілер қатара көбейеді», – дейді іскер ханым.

Еске салсақ, Қарағанды өңірінде биыл «Бизнес Кеңесші» курсын 811 адам оқыған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер