«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бас бостандығынан айырылғандар кәсіпкерлік негіздерін игеруде

2018 жылғы 25 Шілде
- Павлодар облысы
7910 просмотров

АП-162/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бас бостандығынан айырылғандар «Бизнес-Кеңесші» курсына қатысты.

 Аталған мекеме орта қауіпсіздік категориясына жатады. Курсқа 18 жазаланушы қатысты, бұл жазалау мерзімі аяқталуға жақын азаматтар. Демек, бұл кісілерге бостандыққа шыққан соң жұмыспен қамтылу керек.

  «Оқу қай кезде де керек. Бұған қоса алынған білім бұрын қылмыс жасаған адамның өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Біздің мақсат – бизнес идеяларды жүзеге асыруға көмектесу», – деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Диас Азданбеков.

 Бизнес-тренердің айтуынша, тренингтер бизнес ойлаудың психологиясы, маркетинг негіздері және қаржылық жоспарлау, салық төлеудің ерекшелігі сынды тақырыптарды қозғайды.

 «Идеяны қалай дұрыс таңдауға болады? Ол үшін алдымен нарыққа талдау жүргізу керек. Тыңдаушыларға өткізу нарықтарды қалау талдау, жеке бизнес-жоспарды қорғау, мемлекеттік қолдау шаралар туралы ақпарат, ауыл шаруашылығы кооперациясы негіздері мен бизнесті құқықтық сүйемелдеу бойынша базалық білім береміз. Анықталғандай, жазасын өтеп жатқан азаматтардың ішінде кәсіпкерлікте тәжірибесі бар адамдар кездесті, кейбіреулердің құрылыс, сауда және экономиканың басқа да салаларында қолданыстағы бизнестері де бар екен», – деді тренер. 

 Топтарға мынадай тапсырма берілді: «Қалай және қандай бизнеске 10 млн теңгені жұмсаймыз». Осы тапсырма осы аудиториянң кретивтілігі мен тапқырлығын көрсетті. АП-162/2 мекемесінде  қонақүй, авто жуу бекеттері мен кемпингтің болашақ иелері анықталды. Бизнес-жоспарларын бизнесмендер таныстырды деп айтса болады. Көшбасшылыққа арналған модуль және саясат, спорт, шоу-бизнестегі көшбасшыларды кім деп санауға болатын мәселе тыңдаушылар арасында өте қызу пікірталас туғызды. Мәселен, Диман Құдайберген, Геннадий Головкиннің көшасшылығына ешкім күмән келтірген жоқ. Тыңдаушылар бизнес көшбасшы деп еліне, қалқына еңбегі сініп, пайда әкелген адмдарды атау керек деген оймен келісті.  

  «Сенімділік, табандылық, мақсаттылық – бизнеске табысты болғысы келетін кәсіпкердердің ұраны. Тренингке қатысқан сотталғандар жуық арада бостандыққа шығады. Тренингте алған білімі болашақта кәдеге асады деген ойдамыз», – деді бизнес-тренер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер