«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» Талдықорғанның сауда үйлерінде кәсіпкерлерге кеңес жүргізеді

2018 жылғы 24 Шілде
- Жетісу облысы
5172 просмотров

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері сауда саласында қызмет етіп жүрген кәсіпкерлер үшін «Атамекен» кеңес береді» атты кеңес беру акциясын өткізеді.

Шара аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жетекші сарапшылары бизнес өкілдері мен сала қызметкерлеріне сауда ісін жүргізу, салық, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, әлеуметтік төлемдерді төлеу тәртібі, несие алу және тағы да басқа өзекті сұрақтар бойынша кеңес жүргізеді.  

«Кәсіпкерлерді қабылдау шарасы сауда үйлері мен орталықтарының қызметіне жасалған скринингтің бір түрі болып табылады. Қазіргі таңда сауда саласы қарқынды даму үстінде және осыған байланысты проблемалық мәселелері де аз емес. Біздің мінгдетіміз - бизнеске қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, жылдам түрде жан-жақты көмекті көрсету», - дейді Палата сарапшысы Салтанат Тортаева.

Кәсіпкерлерді қабылдау 25 шілде күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін «Евразия» сауда үйінде ұйымдастырылады. Аталмыш шаралар облыс орталығындағы өзге де ірі сауда орталықтарында жүргізілетін болады. Өткізілетін уақыты мен орны туралы өңірлік палатаның taldykorgan.atameken.kz сайтында хабарланады. Анықтама тел.: 8 701 252 77 27.

Айта кетейік, Талдықорғанда 60-қа тарта сауда үйі жұмыс істейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер