«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылық іскер әйелдер 10 млн теңгеге дейін несие ала алады

2018 жылғы 23 Шілде
- Қарағанды облысы
6447 просмотров

Қазақстанда бизнесті қолдаудың түрлі тетіктері бар:  мемлекеттік бағдарламалар, стартап-инкубаторлар, бизнес курстар мен іскерлік конференциялар. Осы ретте дәл іскер әйелдерге арнап «Атамекен» ҰКП бизнесвумендердің экономика дамуында өсіп жатқан рөлін ескере отырып, жаңа бағдарлама ұсынып отыр.

 Енді кәсіпкер әйелдер 10 млн теңгеге дейін төмендетілген мөлшерлемемен несие ала алады. Бұл соманы жаңа бизнес ашуға да, қолдағы бизнесті кеңейтуге де жұмсауға болады. Әйелдерге арналған несиелеу бағдарламасы «Атамекен» ҚР ҮКП Іскер әйелдер кеңесі, «Қазақсанның халық банкі» акционерлік қоғамы және Еуразиялық топтың  бірлесіп жасаған бастамасы ақасында жүзеге асты.

 «Әйелдер 10 миллион теңгені небәрі жылдық 5-8% мөлшерлемемен ала алады. Айта кетелік, мұндай несие бір де бір бағдарлама бойынша берілмейді. Бұл бағдарламаға қатысу үшін әйелдер Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасынан тіркеуден өтіп, сәйкес форма бойынша өтінім толтыру керек», – деді ӨКП Ксәіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Гузяль Омарбекова.

 Жаңа бағдарлама өңірде тез тарала бастады. Қазіргі таңда Палатаға несиеге өтінім беру бойынша 10 сұраным түскен. Өңірдегі кәсіпкерліктің 50%-ын әйелдер құрайды. Олар түрлі салада жұмыс істейді: мал шаруашылығы, қызмет көрсету, жол бойы сервисі және т.б.осындай жаңа бағдарлама – дамудың жаңа көжиегі болып отыр.

«7 жыл бұрын Қарағанды да  азық-түлік дүкенін аштым. Кәсіпкерлікпен 15 жыл абойы айналасып келем. Бұл жұмыс табысты бәрі рет ретімен келе жатыр. Орынжайды жалға алып отырмын. Алайда заман бір орында тұрмайды даму керек, алға қарай жалжып бизнесті кеңейту ерек. Осындай тиімді талаптары бар жаңа бағдарлама қосымша мүмкіндік беріп отыр. Мен жеке дүкенімнің болғанын қалайтынмын жуырда сол мақсатқа жететін сияқтымын. «Атамекен» қыз-келіншектерді қолдауы біз үшін көмек», – деді жеке кәсіпкер Зарина Бектұрсынова.

Аталған жоба қажетті құжаттармен қоса  Қарағанды облысы іскер әйелдер кеңесі отрысыныда қаралды. Жоба мақұлданса, материалдар ары қарай бір апта ішінде  «Қазақстанның Халық Банкіне» жіберіледі. Қазір қарағанды облысынан жіберілген 10 жобаның 5-уі банк қарауында жатыр. Жоспар бьойынша 2018 жылдың аяғына дейін үлгеру керек – бағдарлама осы кезеңге есептелген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер