«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Несие серіктестігі деген не? Мамандар несие кооперациясы жайлы түсіндірді

2018 жылғы 16 Шілде
8624 просмотров

«Атамекен» Ұлттық палатасында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және Несие серіктестері қауымдастығының мамандарымен «Бастау» жобаларын қаржыландыру мәселелері бойынша бизнес-тренерлерге арнап қашықтықтан  оқыту өткізілді

«Бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасының іске асырылуы тиімділігін арттыру мақсатында «Атамекен» жыл бойы бизнес-тренерлердің біліктілігін арттыру бойынша үздіксіз білім беруді қолға алған. Қатысушыларға тарату үшін бизнес-тренерлерге жан-жақты ақпарат беріледі. Қашықтықтан оқытуда маркетинг, бизнес-жоспарлау, салық салу, агробизнес тақырыптары ғана емес, қаржы институттарының микронесиелеу тақырыбы да қозғалады.

Осыған орай «Атамекен» алаңында бизнес-тренерлерге «Ауыл шаурашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен Агронесие корпорациясының несие серіктестері мен шағын несие ұйымдары арқылы қаржыландыру мәселелері бойынша қашықтықтан оқыту өтті.

2017 жылдан бастап «Бастау» жобасының қатысушылары 7,3 млн теңге қаржыны игерген. «Бастау» жобасы бойынша қатысушыларды қаржыландырудің негізгі көзі 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттің «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – 65 %, несие серіктестері (1,7%) және шағын несие ұйымдары (4,1%) арқылы  берілген қаржысы саналады.

«ҚР несие кооперациясы жүйесіне қатысты ақпарат» тақырыбында несие серіктестері қауымдастығының төрайымы Альмира Сағатова дәріс оқыды. Несие серіктестерінің тарапынан түсетін сауалдардың көбі агроөнеркәсіп кешенімен өзара байланысқа қатысты. Қазақстанда несие одақтары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде орын алған. Альмира Сағатова атап өткендей, бұл несие серіктестігі үшін ыңғайы форма емес.

«Ең жақыны кооперативтік форма, бірақ азаматтық кодексте бұл форма қарастырылмаған. Серіктестік Несие серіктестігі туралы заңмен реттеледі. Несие серіктестігі – банк операциясының жекелеген түрлерін ҚР Ұлттық банкінің лицензиясыз атқаратын коммерциялық ұйым. Несие серіктестері құрылтай келісімшарты негізінде  ЖШС түріне құрылады және өзінің жарғысына сай қызмет атқарады», – дейді Альмира Сағатова.

Спикердің айтуынша әкімдіктер, Аграрлық несие корпорациясы, ҚР Ауыл шаурашылығы министрлігі өздерінің шешімдерін мәжбүрлей алмайтынын есте сақтау керек.

Кездесу барысында Альмира Сағатова «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ негізгі қызметі, оның несие серіктестеріне қоятын талаптары мен Несие серіктесінің мүшесі болу шарты туралы түсіндіріп өтті. Кездесуге қатысқандар Несие серіктестігіне тіркелудің жаңа ережесімен танысты. 2018 жылы құжаттар, айыппұлдар, сот шешімі енгізілген бірыңғай база іске асырылды. Бұған дейін жаңа қатысушы, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті енгізгенде әділет органдарында қайта тіркеуден өтуі тиісті еді.

«Бүгінде қатысушыға қатысты орындау құжаты болса, ол орындалмайынша тіркеуге тыйым салынады. Несие серіктестігі үшін бір ғана шығар жол –құнды қағаздардың бірыңғай тіркелуі. Бұл шаруашылық ететін субъектілертің тізілімін жасайтын ұйым, сол жерде ғана айыппұл болса да қайта тіркеуден өтуге болады. Алайда оның филиалы Астана мен Алматы қалаларында ғана бар», – деп жауап берді Альмира Сағатова.

ҚР Әділет министрлігі заңнамаға өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр, қараша айынан бастап Несие серіктестері бұрынғыдай әділет департаменті арқылы тіркеле алады.

Ақмола облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасына көршілес аудандардан Несие серіктестігіне кіру мәселесі жайлы өтінімдер жиі түседі. Осыған орай палата қызметкерлері Несие серіктестері қатысушыларының белігілі бір аумақта орналасуы бекітілген бе деген сауалды ортаға салды.

«Заңнамада мұндай шектеулер жоқ, бірақ Аграрлық несие корпорациясы фермерлер өз ауданынан болғанын бақылайды. Егер өз ауданындағы несие серіктестерінде мәселе болса, қаражат ағымы болмаса рұқсат етіледі. Онда фермерлер көршілет серіктестікке мүше бола алады. Географиялық бөлу мәселесін алдағы күні тағы да нақтылаймын», – деді қауымдастық өкілі.

Спикер Несие серіктестерінің жобаларды қаржыланыруы, оның ішінде қаражат алу үшін Несие серіктестері құрылтайшыларының құрамына кіру қажеттілігі туралы түсіндірді. Бұл үшін қатысушылардың жалпы жиналысы өтіп, әділет органдарында қайта тіркелуі керек, оған кемінде 1,5-2 ай уақыт кетеді. Қаржыландырудың аз мерзімін ескере отырып, «Бастау» қатысушылары 2017 жылдан астап шағын несие алу мүмкіндігін күтіп келеді.

Қаржыландырудағы жаңалықтың бірі Несие серіктестері жаңа қатысушыларының кіру жарнасының артуы, бұған дейін 25 мың теңгеден жоғары болса, қазір болашақта алатын несие сомасына пара-пар, бұл «Бастау» қатысушылары үшін қаржыға қол жеткізуді қиындатады.

Семинар соңында кіру жарнасының сомасы алатын шағын несиеден ұстап қалу мүмкіндігі туралы сауал қойылды.

«Шағын несие және Несие серіктестігіне қатысу процедурасына сәйкес серіктестіктің жаңа мүшесі қатысушылар құрамына кіруі керек, содан кейін ғана қаржыландыру бойынша жүгіне алады. басқа жағдайда несие серіктестігінің ішкі тәртібі бұзылған болып саналады», – дейді Альмира Сағатова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер