«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер және оны қолдану – Астана бизнесінің негізгі мәселесі

2018 жылғы 16 Шілде
- Астана қаласы
5346 просмотров

Елордалық кәсіпкерлердің қызметіндегі негізгі көкейкесті мәселе жыл сайын өзгеріссіз қалып келеді.  Дегенмен, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы барлық кәсіпкерлерге жан –жақты көмек пен қолдау көрсетіп отыр.

Мәселен, биылғы жылдың бірінші жартысында кәсіпкерлер жер, сәулет және құрылыс мәселелерін шешуде қиындықтарға жиі тап болды. Осыған байланысты Кәсіпкерлер палатасына 20% -дан астам өтініш келіп түсті. Өтініштер қатарындағы көшбасшылардың бірі - мемлекеттік сатып алулар. Бұл бағытта қомақты жұмыс жүргізілгенмен де, өтініштердің 22%–ы мемлекеттік сатып алуларға байланысты. Отандық бизнестің тағы бір «әлсіз жері» – 16%– ды құрайтын азаматтық–құқықтық даулар. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5%–ға дейін өскен. Сонымен қатар «көшбасшы» қатарында салық салу бар, ол 10,2% құрайды.

Салыстыру үшін, 2017 жылы өтініштер бойынша келесідей көрсеткіштер болды:

24,4% - жер, сәулет пен құрылыс мәселелері;

20% - мемлекеттік сатып алулар мәселелері;

11,8% - азаматтық–құқықтық даулар;

5,1% - салық салу мәселелері.

 

Сонымен бірге 2018 жылдың басынан елордалық кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша 137 өтініш келіп түсті, олардың 35-і бүгін оң шешімін тапты, 46-сы жұмыс үстінде. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері жалпы алғанда 2,43 млрд. теңгеден астам қаражатқа қорғалды.

Палатаға 2017 жылға дейін бизнесті қорғау бойынша 254 өтінім келіп түссе, олардың 82-і кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Осы кезеңде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері жалпы алғанда 4,12 млрд. теңгеге  қорғалды.

 

Мысалы, кәсіпкер  Б.Алиакпаров елордалық бизнес орталығын жобалау мен салу кезінде шамамен 20 миллион теңге инвестициялады. Инженерлік желілердің жетіспеушілігіне байланысты құрылыс аяқталатын кезде кедергілерге тап болды. Дегенмен жобаны жүзеге асыру қауіпті болғандықтан жер комиссиясы жерді жалдауды ұзартудан бас тартқан, сол себепті кәсіпкер күрделі қаржы жағдайына кез келеді. Астана РСА-ның араласуы мен жұмыс тобы оны талқыға салғаннан кейін мәселе Жер комиссиясымен қайта қаралып, оған оң қорытынды жасалынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер