«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әкімдердің ауысуы – шенеуніктердің заңсыздығын ақтай алмайды

2018 жылғы 13 Шілде
- Шымкент қаласы
10605 просмотров

Түркістанда өз жерінде базар салған кәсіпкер кенеттен жердің оған тиесілі емес екенін білген

Сәйкес келмейтін жағдай – ғимараттар мен құрылыстар кәсіпкерге тиесілі, ал олардың астында жер тиесілі емес, бұл мәселе Шымкентте Кәсіпкерлерді қорғау және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қаралды. Жеке кәсіпкер Мұса Джумашев өз оқиғасын баяндап берді. 2011 жылы ол Түркістан қаласында базар құрылысына инвестиция салуға шешім қабылдаған. Кәсіпкер Түркістанның жер қатынастары бөлімімен инвестициялық келісім жасасып, жер телімін сатып алып, 4 миллион теңгеден астам сома төлеген. Кәсіпкер меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді қоса алғанда, жер теліміне барлық құқықты құжаттарды қолға алып, базар салуға кірісті: инфрақұрылым жүргізді (электр, су және кәріз, кеңсе, 3 асхана, санузел). Нысан мемлекеттік қабылдаудан өтіп, тіркелді.

2016 жылы кәсіпкер өзінің жер учаскесінің заңсыз болып табылғанын біледі: ОҚО жер инспекциясының басқармасы арыз берген ОҚО мамандандырылған ауданаралық соты жер учаскелерін сату- сатып алу келісімдерін және жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу туралы Түркістан қаласы әкімдігінің шешімдерін жарамсыз деп тапқан. Сол уақытта салынған объектілерді мемлекеттік қабылдау және оларды мемлекеттік тіркеу жойылмады.

«Бұл жағдай неліктен орын алғандығын сұрағанда, инвестициялық келісімшарт жоқтығын сылтауратты. Бірақ ол бар! Міне, менің қолымда!- деп кәсіпкер наразылық білдірді. – Құрылыстар мен ғимараттар маған тиесілі екен, ал олардың астындағы жер - жоқ! Бұл заңсыздыққа біреу жауап береді ме? Мен тіпті жерімнің кімге қажет болғанын да білемін».

Қарама-қарсы оқиға басқа кәсіпкерлік субъектісімен – «Қарабура мәдени орталығы» ЖШС-мен болды. Серіктестікке тиесілі жер учаскесінде құқығы жоқ басқа нысандар салынған.

2007 жылы мемориалды мұражай салу үшін серіктестікке Түркістан қаласында 0,1800 гектар жер учаскесі берілген. Он жыл өткеннен кейін, 2018 жылдың басында, серіктестік осы жер учаскесінде жоспарланған құрылысты бастауды ойлаған. Құрылыс орнына шыққан кәсіпкер, өз жерінде Өнер мектебінің ғимараты салынғандығын көреді. Кейін белгілі болғандай, 2013 жылы Түркістан қаласы әкімінің қаулысымен жер учаскесі мемлекеттік қажеттіліктер үшін тәркіленген екен. Бірақ серіктестікке бұл туралы хабарламай, өтемақы да ұсынбаған.

Бұл жер учаскесі осы уақытқа дейін жер салығын үнемі және уақытылы төлеп келген «Қарабұра мәдени орталығы» ЖШС-не әлі де тіркеулі.

«Қалайша жер бір кәсіпкерге, ал осы жерге салынған ғимарат - басқа меншік иесіне тиесілі немесе керісінше болуы мүмкін?» – дегенмен, Түркістан әкімдігінің өкілдері Кеңес мүшелерінің бұл сұрағына жауап бере алмады. Олар үнемі қала басшыларының жиі өзгеруіне және бұл мәселені шешу үшін уақыт қажет екенін сылтауратты.

Кеңес мүшелері туындаған ахуалды нақты шенеуніктік тәртіпсіздік деп санап, әкімнің өзгеруі лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыздықты түсіндірмейтінін атап өтті.

«Бүгінде мемлекеттік жүйенің барлық деңгейінде бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызу шаралары қабылданып жатқанына қарамастан, Түркістан облысында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдар кәсіпкерлерге кедергі келтіруін жалғастыруда», – деп атап өтті Кеңес мүшелері.

Кеңестің отырысында шенеуніктер мұқият танысып, жауап бере алатындай 10 күн уақыт беріп, айтылған мәселелерге қайта оралуға шешім қабылдады.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Акенов атап өткендей, бүгінгі күні Палатаға кәсіпкерлікті қорғау саласында 230 өтініш келіп түскен, олардың көбінесі жер қатынастары саласындағы бұзушылықтарға қатысты мәселелер. Олар барлық іскерлік шағымдардың 25 пайызын құрайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер