Химиялық саланы реттеу – ЕАЭО аясындағы жұмылудың кезекті кезеңі
11-12 шілде аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Еуразия экономикалық одақтың хмиялық заттар мен қоспалар тізілімін қалыптастыру мен жүргізу тәртібі және жаңа химиялық заттарды хабарлау тәртібін талқылау бойынша сарапшылық жұмыс тобының кезекті отырыс өтті.
Іс-шараға отандық және шетелдік бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар, сонымен қатар Еуразия экономикалық комиссия мүшелері қатысты.
Екінші деңгейлі құжаттарды бекіту талаптараына сйкес 2021 жылдың 21 маусымында Еуразиялық экономикалық одақтың «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енеді.
Қатысушыларды таныстырған ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Балтабаев сарапшылық топтың жемісті жұмысы техникалық регламенттің жұмысқа қабілеттілігімен байланысты екенін атап өтті.
Жиналыс барысында отандық бизнес өкілдері негізгі ұсыныстарды айтты. Олар халықаралық тәжірибеге негізделген және химиялық заттарды тіркеуге арналған шекті белгілерді енгізе отырып, қоспаларды тіркеу қажеттілігін жоюға бағытталған.
«Атамекен» аталған ұсыныстар химиялық заттарды тіркеу процедурасын бизнес үшін де, мемлекеттік органдар үшін де айтарлықтай қолжетімді ететінін алға тартты.
Осындай ұсыныстарды қабылдау «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техникалық регламентіне өзгертулер мен толықтырулар жасауды талап етеді. Ұлттық палата осы бағытта жұмысты жалғастыратын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: