«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Зыряндағы шаруа экологиялық таза өнім шығарады

2018 жылғы 10 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
6460 просмотров

«Моя усадьба» ЖШС басшысы Марина Панина жылыжай, құс шаруашылығына көзбен көріп, гүл, көкөніс пен жидектердің өсуін, құстардың жай-күйін тамашалауға шақырады.

«Қонақтар жиі келеді, әсіресе Ресейден. Жұрттар жағдайды көзбен көріп, экологиялық таза өнімді пайдаланғылары келеді. Ет, жұмыртқаның сапасы жақсы. Осылайша «агротуризм» түсінігі қалыптасты, біз бұған кезең-кезеңімен жеттік», – дейді кәсіпкер.

Шағын кәсіптен бастау алған еді. 2014 жылы Марина Панина жеке шаруашылықты қолға алуды қалады. «Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие алып, Новосибирскіден поликорбанаттан жасалған 6 жылыжай сатып алып, өз учаскесіне орнатты.

«Көктемде аудан тұрғындарына арнап, гүл, көкөніс көшетін ектім. Жазғы уақытта асқа пайдаланатын шөптер, қияр, бұрыш, қызанақ, баялдылар өседі. Бірақ жылыжай мен Зырян қабыспайтын түсінік. Себебі 9 ай қыс, ал жылыжай 4 ай ғана пайдаланылады. Несиені 12 ай бойы 100 мыңнан төлеуім керек. Сондықтан шешім жолы – бройлер тауық пен бөдене бағуды да қолға алдым. Тауықтарды көктемге дейін бағып, одан соң қораға шығаруға болады», – дейді Марина Владимировна.

Кәсіпкердің құс еті мен бөдене жұмыртқасының өндірісіне арналған жобада жыл сайын екі мың бройлер тауығы мен мың бөдене өсіру қарастырылған. Былтыр осы бизнес-идеяны іске асыру үшін 2 млн теңге грант ұтып алған. Қаражатқа 5 инкубатор мен тауықтарды бауыздайтын, қауырсын жұлатын машина сатып алынды.

Марина Панина сонымен қатар құстардың тұқымын жақсартумен айналысады.

«Алғашында Өскеменнен алдым. Енді Алматы мен Новосибирьден алып, будандастырып, қанын жаңартып отырмын. Сол жұмыртқадан бөдене балапаны басылады. Бүгінде манжұр, эстон, техастық, смокингтік секілді тұқымдары бар. Биыл инкубатор алынғаннан кейін мекиен өсіруге шындап іске кірістім. Башкириядан инкубаторлық жұмыртқа алдырттым. Чех тұқымының доминанты, тауықтың реңі керемет. Бұл тұқым етке жақсы. Осы тұқымның тауығы жылына 300-310 жұмыртқа басады. Мекиен үшін жақсы көрсеткіш. Бұл тұқымның 3 айлығының өзінде еті 2,5-3,2 кг дейін болады. ал қалыпты мекиннің еті 2 кг бараы. Зырянда мұндай тұқымды жоқ деңге болады», – дейді кәсіпкер.

«Моя усаьба» ЖШС аудан тұрғындарын толық қамтамасыз етіп отыр. Тауықтың еті, жұмыртқа, арнайы қапталып, жәрмеңкеге шығарылады, сауда орындарына өткізіледі. Аптасына 50-ден астам бөдене, мыңнан аса жұмыртқа сатылады, жалпы бір айда 6 мыңнан аса өнім шығарылады. Кәсіпкердің айтуынша бөдене жұмыртқасының сатылуын әлі де жақсарту керек. Сондықтан жарнама жасау мен қоғамдық тамақтандыру орындарымен байланыс орнатуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер