«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнын құру туралы

2018 жылғы 10 Шілде
5663 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП мемлекеттік қатысуымен заңды тұлға құруға қорытынды беру тәртібіне сәйкес жария талқылау мақсатында жарғы капиталында 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен шаруашылық жүргізу құқығындағы «СУШЫ» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнын құру туралы сұратым жарияланады.

Тіркелген қолданушылар осы сұратымға 2018 жылдың 23 шілдесіне дейін пікір қалдыра алады.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының орналасқан жері – Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеевка ауылы.

Қызмет ауқымы: Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеевка ауылының әкімшілік-аумақтық шекарасы аясында.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «СУШЫ» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының құрылтайшысы - Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеевка ауылының әкімдік аппараты

Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеевка ауылындағы 1600 тұрғынды сумен қамтамасыз ету,  мемлекеттік автокөлік жолдарын ұстау, пайдалануға беру, сондай-ақ мемлекеттің меншігінде тұрған су шаруашылығы жүйесі мен құрылысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сапалы қызмет көрсету үшін ашылуы жоспарлаған шаруашылық жүргізу құқығындағы «СУШЫ» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны туралы ақпарат берілген:

ЖШС қызметінің түрлері:

- су жүргізу

- су тарту

- мемлекеттік автокөлік жолдарын ұстау

- мемлекеттің меншігінде тұрған су шаруашылығы жүйесі мен құрылысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұстау және пайдалануға беру.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «СУШЫ» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Жарғы капиталы Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеевка ауылының әкімдік аппараты қалыптастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер