«Бастау» - 2018: оқытудың үшінші легі басталды
«Бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың алғашқы екі легінің нәтижесінде 12645 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат білім алды, оның ішінде 9 мың азамат жобаларын қорғап, бизнеспен айналысуға дайындықты бастады. Мұнымен қоса мыңға жуық бүгінде азаматтың жобасына қаржы бөлінді (оның ішінде былтыр білім алғандары да бар).
9 шілдеден бастап «Бастау» жобасының үшінші оқыту легі басталды. Жыл соңына дейін өңірлерде 6 оқыту легі өтеді. Оның нәтижесінде бизнес негіздеріне 30 мың адамды оқыту әрі 6 мыңға жуық азаматтың жеке кәсібін ашуы жоспарланған.
Биыл «Бастау» жобасы 160 ауданда, сондай-ақ моноқалаларда оқытылуда. Оқыту бағдарламасы жетілдіріліп, тыңдаушылардың аграрлық біліктілігін арттыру үшін тәжірибелік модульдермен нығайтылды.
Білікті бизнес-жаттықтырушылар қатары да күшейтілді. 2017 жылы жұмыс істеген тәжірибелі коучтер қатарына 100-ге жуық жаңа жаттықтырушы толықтырды. Олардың әрқайсы арнайы тренингтерде білктіліктерін дәлелдеді.
«Жаңашылдыққа тоқталар болсақ, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарлаамсында негізгі кооперация түсінігі енді, қазір аудан деңгейінде өткізу тізбегінің картасын қалыптастыру жұмысы жүргізілуде. Биылдан бастап «Бастауға» жеке бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер (тіркелген уақыттан бері 3 жылдан аса уақыт өткен) қатыса алмайды. Мұнымен қоса, шағын несие алуда жобаның қатысушыларына басымдық беріледі. Нәтижесін бақылау үшін телефон, онлайн-сауалнама мен өңірлерге бару арқылы оқыту сапасына мониторинг жүргізуді енгіздік. Сонымен қатар, іске асырылған жобалардың жай-күйін жедел бақылау үшін арнайы мониторингтік топ жұмысын бастады», – дейді «Атамекен» ҚР ҰКП бизнес коммуникацияларды мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев.
«Бастау» жобасы 2018 жылы алғаш рет 14 облыс орталығы мен 27 моно қаланы қамтиды.
Еске салсақ, былтыр «Бастау» жобасы арқылы 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алды. Олардың ішінде 3,5 мыңға жуығы бизнес ашып, кәсібін ұлғайтты. 2018 жылы Мемлекет басшысы бес әлеуметтік бастама негізінде шағын несиелеуге қосымша 20 млрд теңгеге жуық қаржы бөлуді тапсырды. Бұл қаржы ең алдымен «Бастау» қатысушыларының жобаларын қаржыландыруға бағытталады.
19 маусымда Астанада «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастыруымен бірінші рет «Бастау» қатысушылары мен түлектерінің форумы өтті. Форум аясында үздік бизнес-жобалар таныстырылып, тың идеялардың авторлары – жобаға белсенді қатысушылар марапатталды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: